Қаржылық сауаттылық пен құқықтық мәдениет — жастар қауіпсіздігінің негізі!
2026 жылғы 18 қарашада ИС-25-04К(Т) тобының студенттері, куратор Нұржаубаева Р.Б. Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде өткен «Қаржылық сауаттылықты арттыру» семинарына қатысты.
Іс-шара университет пен «Isker isi» әлеуметтік жобасының ұйымдастыруымен өткізілді.
Семинар барысында студенттерге:
🔹 қаржылық және интернет-алаяқтықты анықтау жолдары;
🔹 жеке деректерді, банк карталарын және SMS-кодтарды қорғау тәсілдері;
🔹 ақпарат көздерін тексерудің маңыздылығы;
🔹 ойланбай жасалған және заңға қайшы әрекеттердің жауапкершілігі;
🔹 заңсыз қаржылық схемаларға тартылудан қорғану жолдары;
🔹 жастар арасында құқық бұзушылықтар мен нашақорлықтың алдын алудың маңыздылығы түсіндірілді.
Іс-шарада Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің және Алматы қаласы Медеу аудандық полиция басқармасының өкілдері сөз сөйледі.
Кездесу соңында ИС-25-04К(Т) тобының студенттері мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қаржылық, цифрлық және құқықтық қауіпсіздік бойынша тәжірибелік ұсыныстар алды.
Заңды білу, қаржылық сауаттылық және жауапты мінез-құлық заманауи қауіп-қатерлерге сенімді түрде қарсы тұруға көмектеседі!