11 қарашада 8D091 Ветеринария кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте қорғау өтті
2026 жылғы 11 қарашада сағат 14:30-да Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D091 Ветеринария (6D120100 – Ветеринариялық медицина, 6D120200 – Ветеринариялық санитария мамандықтары; 8D09101 – Ветеринариялық медицина; 8D09102 – Ветеринариялық санитария білім беру бағдарламалары) кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте Қауымбаева Мөлдір Шәріпқызының ««ШунгиҚұс» дәстүрлік емес азықтық қоспасын қолданған кездегі бройлер етін ветеринариялық-санитариялық бағалау» тақырыбында 8D09102 – «Ветеринариялық санитария» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындаған диссертациясының қорғауы өтті.
8D091 Ветеринария кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңестің № 25 хаттамасы негізінде Қауымбаева Мөлдір Шәріпқызына философия докторы (PhD) дәрежесін беру қаулы етілді.