GLOBAL SUSTAINABILITY CHALLENGE 2026–2027 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫ
Құрметті студенттер, магистранттар мен докторанттар!
Global Sustainability Challenge 2026–2027 халықаралық байқауына қатысып, тұрақты даму саласындағы жобаларыңызды ұсынуға мүмкіндік бар.
Байқау екі негізгі бағыт бойынша өткізіледі:
• Тұрақты энергетика (Sustainable Energy) — таза энергияны өндіру, сақтау және тарату саласындағы тиімді шешімдерді әзірлеу.
• Бейімделу және төзімділік (Adaptation & Resilience) — су және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, аптап ыстық пен климаттық тәуекелдерге төзімділікті арттыруға бағытталған шешімдерді әзірлеу.
Байқауға барлық мамандық бойынша бакалавриат, магистратура және докторантурада білім алушылар қатыса алады. Жобаларды жеке немесе 6 адамға дейінгі команда құрамында ұсынуға болады. Байқаудың жұмыс тілі — ағылшын тілі.
Жүлде қоры — 35 000 АҚШ долларынан астам. Үздік командаларға Стэнфорд университетінде өтетін EcoGlobal Intensive бағдарламасы аясында тағылымдамадан өту мүмкіндігі беріледі.
Жобаларды қабылдаудың соңғы мерзімі — 2026 жылғы 22 қараша.