KazNARU-да ТҮРІКМЕНСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 35 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТТІ

KazNARU-да ТҮРІКМЕНСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 35 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТТІ

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Түрікменстан тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған салтанатты кездесу өтті.

Жиынға Түрікменстанның Қазақстандағы консулы Нурымырат Розыджумаев, KazNARU-дың академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Гүлмира Алпысбаева, тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Асима Ералиева, факультет декандары, құрылымдық бөлімшелер өкілдері және түрікменстандық студенттер қатысты.

Кездесуді ашқан Гүлмира Алпысбаева жиналған қауымды мерейтоймен құттықтады. Ол Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы достық пен білім беру саласындағы ынтымақтастыққа тоқталып, студенттердің университет өміріне белсенді араласуы екі елдің байланысын нығайта түсетінін атап өтті.

Нурымырат Розыджумаев университет басшылығына алғысын білдіріп, жастарға оқуда табыс, зор денсаулық және жарқын болашақ тіледі.

Түрікменстандық білім алушылар атынан «Биотехнология» білім беру бағдарламасының 2-курс студенті сөз сөйлеп, қатысушыларды мерекемен құттықтады және көрсетіліп отырған қолдау үшін ризашылығын жеткізді.

Жиын барысында студенттерге факультет басшылығы таныстырылып, оқу мәселелері бойынша қай бөлімшелерге жүгінуге болатыны түсіндірілді. Академиялық талаптар, сабаққа қатысу тәртібі, тіркеу рәсімдері мен оқу процесін ұйымдастыру туралы ақпарат берілді.

Сондай-ақ жастардың жаңа ортаға бейімделуі, университеттің қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне қатысуы талқыланды. Ашық диалог барысында студенттер сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізді және қажетті түсіндірмелер алды.

Кездесу екі ел арасындағы білім беру байланыстарын нығайтуға және түрікменстандық студенттерге қолдау көрсетуге арналды.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник