KazNARU-ДА I-CRAFT 2026 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

KazNARU-ДА I-CRAFT 2026 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде 12 елден 100-ге жуық ғалым мен сарапшының басын қосқан VI I-CRAFT 2026 халықаралық конференциясы өтті.

Іс-шараны KazNARU-дың Бірінші проректоры, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Пірімқұл Шолпанқұлұлы Ибрагимов ашты.

Ауыл шаруашылығы және тағам технологиялары саласының мамандары аграрлық сектордың өзекті мәселелерін, жаңа әзірлемелер мен оларды тәжірибеге енгізу мүмкіндіктерін қарастырды. Негізгі назар азық-түлік қауіпсіздігіне, тұрақты даму, климаттың өзгеруі, заманауи агротехнологиялар мен логистика мәселелеріне аударылды.

Жиынға шетелдік ғалымдар да қатысты. Түркиядағы Чукурова университетінің аграрлық экономика кафедрасының профессоры Айкут Гюль геосаяси факторлар, климаттың өзгеруі мен сауда шектеулерінің ауыл шаруашылығына ықпалы туралы баяндап, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі логистиканың маңызына тоқталды.

KazNARU-дың Жасыл және тұрақты даму институтының директоры Рафис Абазов ғылыми идеяларды талқылаумен шектелмей, оларды нақты тәжірибеде қолдану жолдарын қарастырудың маңызын атап өтті.

I-CRAFT 2026 түрлі елдердің ғалымдарына тәжірибе алмасып, аграрлық секторға қажетті заманауи шешімдерді ортаға салуға мүмкіндік берді.
 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник