KazNARU-да СПОРТТЫҚ ДОДА БАСТАЛДЫ

KazNARU-да СПОРТТЫҚ ДОДА БАСТАЛДЫ

22 қыркүйекте KazNARU стадионында «Азия екпіні: Жастар. Спорт. Болашақ» тақырыбымен бірінші курс студенттері арасындағы дәстүрлі спартакиада басталды.

Спартакиаданы KazNARU Басқарма Төрағасы – Ректордың бірінші орынбасары Пірімқұл Ибрагимов ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Ол спорттың жастардың ерік-жігерін шыңдап, командалық рухты қалыптастырудағы маңызын атап өтті.

Құрметті қонақ – дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы, Олимпиада ойындарының қатысушысы Мұратбек Қыпшақбаев жастарға ізгі тілегін білдірді. Жарыстың бас төрешісі, Дене тәрбиесі және спорт кафедрасының меңгерушісі Меруерт Тұяқбаева спортпен тұрақты шұғылданудың маңызына тоқталды.

Ашылу салтанатында қазақ күресінен жүлделі орындарға ие болған KazNARU студенттері марапатталды.

Биыл бірінші курс командалары волейбол, баскетбол, футбол, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ және арқан тартудан бақ сынайды.

Алда – тартысты бәсекелер. Барша командаларға сәттілік!

 

KazNARU баспасөз қызметі

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник