СТУДЕНТТІК ӨМІРДІҢ АЛҒАШҚЫ ҚАДАМЫ: БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІ МЕДЕУДЕ БАС ҚОСТЫ

СТУДЕНТТІК ӨМІРДІҢ АЛҒАШҚЫ ҚАДАМЫ: БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІ МЕДЕУДЕ БАС ҚОСТЫ

KazNARU-дың «Зооинженерия және биотехнология» кафедрасының бірінші курс студенттері үшін Медеуге танымдық сапар ұйымдастырылды.

Топ кураторы Гүлзат Ғабитқызының бастамасымен өткен іс-шара жаңа ортаға бейімделуге, өзара таныстықты нығайтуға және топтық бірлікті қалыптастыруға бағытталды.

Сапар барысында қатысушылар Медеудің көрікті жерлерін аралап, табиғат аясында бірге уақыт өткізді. Еркін форматтағы кездесу пікір алмасуға, ортақ қызығушылықтарды бөлісуге және өзара жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.

Осындай бастамалар бірінші курс жастарының университет ортасына бейімделуіне, өзара қолдау мен сенімге негізделген қарым-қатынас қалыптастыруына ықпал етеді.

Медеуде өткен кездесу жаңа оқу жылындағы алғашқы ортақ іс-шаралардың бірі болды.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник