KazNARU-да 25 ҚАЗАН – РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРІЛІП, ӘНҰРАН ОРЫНДАЛДЫ

KazNARU-да 25 ҚАЗАН – РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРІЛІП, ӘНҰРАН ОРЫНДАЛДЫ

2026 жылғы 22 қазанда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде 25 қазан – Республика күніне орай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру және Мемлекеттік Әнұранын жаппай орындау рәсімі өтті.

Салтанатты рәсімге KazNARU Басқарма Төрағасы – Ректоры, академик Ақылбек Күрішбаев, университеттің профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлері мен білім алушылары қатысты.

Рәсім барысында қатысушылар Мемлекеттік Әнұранды бірге орындап, ел тәуелсіздігі мен егемендігінің басты нышандары – мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетті.

Республика күні – Қазақстанның мемлекеттілігі мен егемендігін айшықтайтын маңызды ұлттық мереке. 1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданып, еліміздің тәуелсіздікке бастар тарихи қадамы жасалды.

Айта кетейік, KazNARU-да Республика күніне орай «Республика және Конституция: жауапты азамат – қуатты мемлекет» атты зияткерлік-ағартушылық онкүндік өтуде. Оның аясында білім алушылардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға, құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және отансүйгіштік сезімін нығайтуға бағытталған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник