KazNARU-да БЕЛАРУСЬ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ МИНСК РАДИОМАТЕРИАЛДАР ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
2026 жылғы 30 шілдеде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде (ҚазҰАЗУ) Беларусь Ұлттық ғылым академиясының «Минск радиоматериалдар ғылыми-зерттеу институты» ААҚ басшылығының қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының, ҚазҰАЗУ-дың және ғылыми ұйымдардың өкілдері қатысты.
Жиынды Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының Вице-президенті Абай Серікқанов ашты. ҚазҰАЗУ атынан қатысушыларға Ғылым департаментінің директоры Сұлтанов Ахметжан Әкиұлы құттықтау сөз сөйлеп, халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықты кеңейтудің және агроөнеркәсіптік кешенге заманауи технологияларды енгізудің маңыздылығына тоқталды.
Кездесу барысында Минск радиоматериалдар ғылыми-зерттеу институтының мамандары дәлме-дәл егіншілікке арналған автоматтандырылған метеорологиялық станцияны, микроэлектромеханикалық (МЭМС) датчиктерді, интеллектуалды мониторинг жүйелерін және экологиялық бақылауға арналған инновациялық шешімдерді таныстырды. Аталған әзірлемелердің ауыл шаруашылығында, ғылыми зерттеулерде және агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыруда қолдану мүмкіндіктері талқыланды.
Дөңгелек үстел қорытындысында тараптар тәжірибе алмасу, инновациялық технологияларды білім беру үдерісі мен аграрлық секторға енгізу бағытындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара қызығушылық білдірді. Қатысушылар мұндай кездесулер Қазақстан мен Беларусь арасындағы ғылыми серіктестікті нығайтуға және аграрлық ғылымның дамуына жаңа серпін беретінін атап өтті.