KazNARU-да ЖАТАҚХАНА МЕҢГЕРУШІЛЕРІНЕ САНИТАРИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ
Жаңа 2026–2027 оқу жылына дайындық аясында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде (KazNARU) жатақхана меңгерушілеріне арналған санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау мәселелері бойынша арнайы семинар ұйымдастырылды.
Семинардың негізгі мақсаты – университеттің жатақханалары мен оқу корпустарында санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қолданыстағы нормативтік-құқықтық талаптарды түсіндіру және жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарын үйлестіру.
Іс-шара барысында санитариялық дәрігер Н.А. Есенгельді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолданыстағы санитариялық қағидалары мен нормативтік құжаттарына кеңінен тоқталды. Атап айтқанда:
- 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»;
- 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-95 бұйрығымен бекітілген «Желдету және ауаны баптау жүйелерін дезинфекциялауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»;
- 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-151 бұйрығымен бекітілген «Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»;
- № ҚР ДСМ-68 бұйрығына сәйкес дезинфекция, дезинсекция және дератизация жұмыстарын жүргізу талаптары;
- № ҚР ДСМ-131 бұйрығына сәйкес жеке медициналық кітапшаларды жүргізу және ресімдеу тәртібі бойынша түсіндірмелер берілді.
Сонымен қатар қатысушыларға дезинфекциялық ерітінділерді дұрыс дайындау және пайдалану тәртібі бойынша практикалық нұсқама берілді.
Семинар аясында университеттің жатақханалары мен оқу корпустарының санитариялық жай-күйіне жалпы шолу жасалып, жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарының барысы, санитариялық талаптарды сақтау деңгейі және алдағы кезеңге арналған міндеттер талқыланды.
KazNARU студенттер мен қызметкерлер үшін қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына ерекше назар аударып, жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруда.
KazNARU Баспасөз қызметі