ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
2026 жылғы 9 шілдеде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «Қазақстан Республикасының Конституциясы – қазіргі заманғы сын-қатерлер жағдайында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі» тақырыбында ғалымдардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 15 наурыздағы республикалық референдумда қабылданған және 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген жаңа Конституциясының негізгі қағидаттарын талқылауға арналды.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – жаңа Конституцияның елдің саяси-құқықтық дамуындағы маңызын түсіндіру, конституциялық құндылықтарды насихаттау, құқықтық мәдениетті арттыру, сондай-ақ ғылым мен білім саласындағы жаңа мүмкіндіктер мен міндеттерді талқылау.
Іс-шараға университет ғалымдары, профессор-оқытушылар құрамы, жас зерттеушілер, магистранттар мен докторанттар, сондай-ақ ҚазҰАЗУ сенімгерлік басқаруындағы ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары онлайн форматта қатысты. Дөңгелек үстел модераторы – Ғылым департаментінің директоры Ахметжан Акиевич Султанов қатысушыларды құттықтап, Конституцияның азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы, заң үстемдігін қамтамасыз етудегі және еліміздің тұрақты дамуын қалыптастырудағы маңызды рөлін атап өтті.
Іс-шара барысында тарих ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор Галина Николаевна Ксенжик «Қазақстан Республикасының 2026 жылғы Конституциясы және жеті томдық «Қазақстан тарихы»: мемлекеттік және тарихи дамудың жаңа кезеңі» тақырыбында баяндама жасады.
Сонымен қатар, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Акмарал Дабыртаевна Кожабекова «Заң үстемдігі – Жаңа Конституцияның басым қағидасы» тақырыбындағы баяндамасында құқықтық мемлекетті дамытудағы конституциялық қағидаттардың маңыздылығына тоқталды.
Қатысушылар жаңа Конституцияның қоғамдағы орны, ғылым мен білімнің дамуына ықпалы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі маңызы туралы пікір алмасты.
Кездесу қорытындысында Конституцияда бекітілген құндылықтарды құрметтеу, заң үстемдігін сақтау және құқықтық мәдениетті дамыту әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі екендігі атап өтілді.
KazNARU Баспасөз қызметі