KazNARU МЕН ҚЫТАЙДЫҢ ЖЕТЕКШІ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІКТІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІН БАСТАДЫ

KazNARU МЕН ҚЫТАЙДЫҢ ЖЕТЕКШІ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІКТІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІН БАСТАДЫ

2026 жылғы 6 шілдеде Қытай Халық Республикасының Сиань қаласында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті делегациясының ресми сапары аясында KazNARU Басқарма Төрағасы-Ректордың бірінші орынбасары Ибрагимов Пірімқұл Шолпанқұлұлы мен Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университетінің Ректоры, профессор Ву Путэ арасында кездесу өтті.
Биыл екі университет өзара ынтымақтастықтың 10 жылдығын атап өтуде. Осы уақыт ішінде бірлескен білім беру және ғылыми жобалар жүзеге асырылып, академиялық ұтқырлық бағдарламалары дамытылып, серіктестікті нығайтуға бағытталған келісімдерге қол қойылды.
Пірімқұл Шолпанқұлұлы Ибрагимов KazNARU Басқарма Төрағасы – Ректоры, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті, академик Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаевтың ыстық сәлемін жеткізіп, қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, келесі оқу жылынан бастап қос диплом бағдарламаларын іске қосу мәселесіне ерекше тоқталды.
Кездесу барысында тараптар ғылым және білім беру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту, бірлескен халықаралық зертханалар мен ғылыми-зерттеу орталықтарын құру, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын кеңейту, жас ғалымдарды даярлау, сондай-ақ халықаралық ғылыми жобаларды бірлесіп жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
Әсіресе тұрақты ауыл шаруашылығын дамыту, су үнемдеу технологиялары, деградацияға ұшыраған жерлерді қалпына келтіру, азық-түлік қауіпсіздігі, өсімдік селекциясы, мал шаруашылығы, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенге жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды енгізу бағытындағы зерттеулерге ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар KazNARU мен Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университеті арасындағы стратегиялық әріптестікті жаңа деңгейге көтеруге дайын екендіктерін растады.
KazNARU Баспасөз қызметі
---------Chatbot---------
виртуальный помощник