KazNARU ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖӘРМЕҢКЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ

KazNARU ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖӘРМЕҢКЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ

2026 жылғы 29 мамыр күні Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті Медеу ауданы әкімінің аппаратының ұйымдастыруымен өткен талапкерлерге арналған кәсіби бағдар беру жәрмеңкесіне қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – мектеп түлектеріне кәсіби бағыт-бағдар беру, талапкерлерге жоғары оқу орнын таңдау бойынша қажетті ақпарат ұсыну және сұранысқа ие мамандықтар туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу болды.
Жәрмеңке барысында талапкерлер мен ата-аналарға KazNARU-дың білім беру бағдарламалары, қабылдау талаптары, аграрлық саладағы перспективалы бағыттар, оқу үдерісі, студенттерге жасалған жағдайлар, жатақхана, әскери кафедра және халықаралық байланыстар туралы толық ақпарат берілді.
Университет өкілдері талапкерлердің сұрақтарына жауап беріп, KazNARU-да білім алудың артықшылықтары мен кәсіби мүмкіндіктері туралы кеңінен түсіндірді.

 

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник