KazNARU ГЕРМАНИЯМЕН ҒЫЛЫМИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДА

KazNARU ГЕРМАНИЯМЕН ҒЫЛЫМИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДА

2026 жылғы 29 мамырда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде (KazNARU) Басқарма Төрағасы – Ректор, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, академик, ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының Президенті Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаевтың қатысуымен Германия Федеративтік Республикасынан келген NETSCI GmbH компаниясының бас директоры, профессор, доктор Матиас Крамермен кездесу өтті. Кездесу барысында тараптар ғылым, технология, білім беру және тұрақты даму бағыттарындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.
Ақылбек Күрішбаев климаттың өзгеруі, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, ауыл шаруашылығының генетикалық базасын нығайту және агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту сияқты жаһандық сын-қатерлер жағдайында халықаралық ғылыми әріптестікті дамытудың маңызы ерекше екенін атап өтті. Сонымен қатар KazNARU білім, ғылым, бизнес және мемлекеттік құрылымдарды біріктіретін ғылыми-инновациялық хаб моделін жүйелі түрде дамытып, «жасыл» трансформация, БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары, цифрлық шешімдер, тұрақты су пайдалану және аграрлық ғылымды дамытудың заманауи тәсілдерін белсенді ілгерілетіп келе жатқанын жеткізді.
Кездесудің маңызды нәтижесі KazNARU мен NETSCI GmbH арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою болды. Құжат бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуді, жобалық өтінімдер әзірлеуді, академиялық және сараптамалық алмасуды, оқыту саласындағы ынтымақтастықты және инновациялық шешімдерді енгізуді көздейді.
Жобаны іске асыру үшін инвестициялық қаржыландыру тарту көзделіп отыр. Бұл ғылыми зерттеулерді дамытуға, бірлескен жобаларды іске асыруға және университеттің халықаралық ынтымақтастығын нығайтуға қосымша серпін береді.
Кездесуге халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Рафис Фанисұлы Абазов, Халықаралық кеңсе жетекшісі Абзал Асқарбекұлы Абдраманов, факультет декандары, кафедра меңгерушілері және университеттің ғылыми құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері қатысты.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ғылым, технология, білім беру, тұрақты даму және бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру бағыттарындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екенін атап өтті.
 
KazNARU Баспасөз қызметі
 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник