KazNARU ПРОФЕССОРЫ БРАЗИЛИЯДАҒЫ X INTERNATIONAL SYMPOSIUM SOM 2026 СИМПОЗИУМЫНДА ҚАЗАҚСТАН АТЫНАН ҚАТЫСУДА

KazNARU ПРОФЕССОРЫ БРАЗИЛИЯДАҒЫ X INTERNATIONAL SYMPOSIUM SOM 2026 СИМПОЗИУМЫНДА ҚАЗАҚСТАН АТЫНАН ҚАТЫСУДА

KazNARU-дың «Топырақтану, агрохимия және экология» кафедрасының профессоры Айгуль Абсултановна Жаппарова Бразилияның Сан-Паулу қаласында өтіп жатқан X International Symposium on Soil Organic Matter – SOM 2026 халықаралық симпозиумына Қазақстан атынан қатысуда.
Әлемдік деңгейдегі ғылыми іс-шараға 35-тен астам елден 400-ден аса ғалым, жас зерттеуші және сала мамандары жиналды. Симпозиум топырақ органикалық заттары, көміртек айналымы, климаттың өзгеруі, жерді пайдалану және тұрақты даму мәселелеріне арналған.
Аталған беделді халықаралық симпозиумда Қазақстаннан KazNARU ғана қатысып отыр. Профессор Айгуль Абсултановна Жаппарованың ғылыми жұмысы рецензиядан өтіп, постерлік баяндама ретінде халықаралық бағдарламаға қабылданды.
Ғалым «Microbial Activation Promotes Mineral-Associated Organic Matter Formation under Organo-Mineral Fertilization in Semi-Arid Irrigated Orchards of Central Asia» тақырыбындағы зерттеу жұмысын ұсынуда. Зерттеу Орталық Азияның жартылай құрғақ аймақтарындағы суармалы бақтарда органо-минералдық тыңайтқыштарды қолдану жағдайында минералдармен байланысқан органикалық заттардың қалыптасу үдерісіне арналған.
Симпозиум аясында профессор Айгуль Жаппарова топырақтану, көміртек, климат және тұрақты даму саласындағы әлемге танымал ғалымдармен ғылыми байланыс орнатты. Олардың қатарында Abad Chabbi, Cornelia Rumpel, Mauricio Cherubin, Rattan Lal, Budiman Minasny және Francesca Cotrufo сияқты жетекші зерттеушілер бар.
KazNARU ғалымының осындай беделді халықаралық ғылыми алаңға қатысуы университеттің топырақтану, агроэкология, климат және тұрақты ауыл шаруашылығы бағыттарындағы ғылыми әлеуетін әлемдік деңгейде танытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл жас ғалымдар үшін халықаралық ғылыми ортаға шығуға, тәжірибе алмасуға және жаңа зерттеу бағыттарын дамытуға жол ашады.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник