ИНЖЕНЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ТҮЛЕКТЕРІ «ЕВРАЗИЯ СТ» ЖШС ӨНДІРІСТІК БАЗАСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ИНЖЕНЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ТҮЛЕКТЕРІ «ЕВРАЗИЯ СТ» ЖШС ӨНДІРІСТІК БАЗАСЫМЕН ТАНЫСТЫ

2026 жылғы 21 мамыр күні Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті Инженерлік технологиялар факультетінің бітіруші курс студенттері «Евразия СТ» ЖШС – Eurasia Special Machines / ESM өндірістік базасына экскурсия жасады.

 

Іс-шараға Инженерлік технологиялар факультетінің деканы Алдибаева Л.Т., кафедра меңгерушілері Ниязбаев А.К., Базанова И.А. және куратор Сафаргалиев А.Е. қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – түлектерді жұмыс беруші кәсіпорынның өндірістік қызметімен таныстыру, заманауи инженерлік-техникалық шешімдер туралы түсінік қалыптастыру және студенттердің болашақ кәсіби қызметіне деген қызығушылығын арттыру.

Eurasia Special Machines / ESM – коммуналдық, жол және арнайы техникаларды өндіру, құрастыру және сервистік қызмет көрсету бағытында жұмыс істейтін кәсіпорын. Өндірістік экскурсия барысында студенттер зауыттың негізгі жұмыс бағыттарымен, техника құрастыру үдерісімен, өндірістік жабдықтармен, техникалық қызмет көрсету ерекшеліктерімен және еңбек қауіпсіздігі талаптарымен танысты.

Кәсіпорынның техникалық директоры, Инженерлік технологиялар факультетінің түлегі Лазюта Михаил Владимирович студенттерге өндірістің ұйымдастырылуы, арнайы техникаларды құрастыру және пайдалану ерекшеліктері, сондай-ақ инженер мамандарға қойылатын кәсіби талаптар туралы кеңінен ақпарат берді.

Экскурсияға келесі білім беру бағдарламаларының бітіруші курс студенттері қатысты: «Машина жасау», «Көлік, көліктік техника және технологиялар», «Аграрлық техника және технология», «Агроөнеркәсіптік кешендегі цифрлық технологиялар», «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру».

Экскурсия соңында түлектер кәсіпорын қызметіне ерекше қызығушылық танытып, «Евразия СТ» ЖШС – Eurasia Special Machines / ESM компаниясына түйіндемелерін жолдап, болашақта осы өндірістік кәсіпорында жұмыс істеу мүмкіндігін қарастыруға ниет білдірді.

Аталған іс-шара университет пен жұмыс беруші кәсіпорындар арасындағы байланысты нығайтуға, студенттердің кәсіби бағдарын қалыптастыруға және еңбек нарығына бейімделуіне мүмкіндік берді. Сонымен қатар, факультет түлектерінің өндіріс саласында жауапты қызмет атқарып, жас мамандарға үлгі болуы ерекше маңызға ие.


 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник