KazNARU-ға ХЭНАНЬ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КЕЛДІ
2026 жылғы 21 мамырда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде ҚХР Хэнань ауыл шаруашылығы университетінің делегациясын Басқарма Төрағасы – Ректордың бірінші орынбасары Ибрагимов Пірімқұл Шолпанқұлұлы қабылдады.

Делегация құрамында Хэнань ауыл шаруашылығы университетінің екінші деңгейлі профессоры Чжан Лунсянь, Шетел тілдері институтының директоры Ту Кэ, профессорлар Вэй Чжаньюн, Ли Юнтао, Ли Сэньян және доцент Ли Сяоин болды.

Іс-шараны Басқарма Төрағасы – Ректордың бірінші орынбасары, в.ғ.д., профессор Ибрагимов Пірімқұл Шолпанқұлұлы ашып, халықаралық әріптестікті дамытудың маңыздылығына тоқталды.

Университет тарапынан кездесуге Қазақстан-Қытай орталығының директоры Думан Имаммади, Ғылым департаментінің директоры Ахметжан Акиевич Султанов, Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Сәуле Серікқызы Бақтымбет, Халықаралық кеңсе жетекшісі Абзал Асқарбекұлы Абдраманов, «Ветеринария және зооинженерия» факультетінің деканы Асылбек Майлыбайұлы Мусоев қатысты.
.jpeg)
Делегация сапары екі жоғары оқу орны арасындағы ғылыми-білім беру ынтымақтастығын кеңейтуге, бірлескен халықаралық жобаларды дамытуға және өзара байланысты нығайтуға бағытталды. Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықты тереңдету және ғылыми-білім беру байланыстарын кеңейту мәселелері бойынша пікір алмасты.
.jpeg)
Қытайлық делегация университеттің ғылыми инфрақұрылымымен танысып, «Ветеринария және зооинженерия» факультетінде болды. Сонымен қатар факультеттің профессор-оқытушылар құрамымен, магистранттармен, докторанттармен және бірлескен зертханалардың жетекшілерімен кездесті. Кездесу барысында ұлттық инновациялық базаны қалыптастыруға қатысты ұсыныстар талқыланып, ғылыми жобаларды интеграциялау мәселелері көтерілді.

Іс-шара соңында тараптар алдағы уақытта академиялық ұтқырлықты арттыру, ғылыми жобаларды бірлесіп жүзеге асыру және халықаралық білім беру бағдарламаларын дамыту бағытындағы ынтымақтастықты жалғастыруға ниет білдірді.
KazNARU Баспасөз қызметі
.jpeg)





.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)


