KazNARU-ДА «АЛТЫН ҰЯДАҒЫ АРДАҚТЫ КЕЗДЕСУ: ЗООИНЖЕНЕРИЯ ТҮЛЕКТЕРІНЕ 50 ЖЫЛ» АТТЫ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

KazNARU-ДА «АЛТЫН ҰЯДАҒЫ АРДАҚТЫ КЕЗДЕСУ: ЗООИНЖЕНЕРИЯ ТҮЛЕКТЕРІНЕ 50 ЖЫЛ» АТТЫ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «Зооинженерия» мамандығы түлектерінің 50 жылдық мерейтойлық кездесуі өтті. Тағылымы мол іс-шара ҚазҰАЗУ Түлектер ассоциациясы мен «Зооинженерия және биотехнология» кафедрасының бірлескен ұйымдастыруымен өткізілді.
Кездесуге еліміздің әр өңірінен келген ардагер түлектер, профессор-оқытушылар құрамы, сала мамандары мен студенттер қатысты. Жарты ғасырдан кейін алтын ұяда қайта бас қосқан түлектер студенттік шақтың жарқын естеліктерімен бөлісіп, еңбек жолындағы тәжірибелері туралы әңгімеледі.
Іс-шара барысында оқу орнының дамуына, ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығы саласының өркендеуіне үлес қосқан түлектерге ерекше құрмет көрсетілді. Олардың аграрлық саланы дамытуға, ел экономикасына және жас мамандарды даярлау ісіне қосқан еңбектері атап өтілді.
Ректорат атынан сөз сөйлеген ҚазҰАЗУ Түлектер ассоциациясы Кеңесінің төрағасы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰАҒА академигі Самбетбаев Адильхан Абуович мерейтой иелерін құттықтап, олардың кәсіби жетістіктері мен аграрлық саладағы қажырлы еңбегіне жоғары баға берді. Сонымен қатар, мұндай кездесулердің ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, университет пен түлектер арасындағы байланысты арттыра түсетінін атап өтті.
Кездесуге 6В08201 – «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» білім беру бағдарламасының 1-курс МШ-25-01К тобының студенттері де белсенді қатысып, ардагер түлектерге ізгі тілектерін арнады. Жас буын өкілдері аға буынның еңбегіне құрмет білдіріп, мерекелік кеште ән шырқап, жылы лебіздерін жеткізді.
Шара аясында естелік суреттер түсіріліп, арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Түлектер өздері білім алған аудиториялар мен кафедраларды аралап, университеттің бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты.
Зооинженерия мамандығы түлектерінің 50 жылдық мерейтойлық кездесуі – достықтың, сыйластықтың, ұстазға деген құрмет пен мамандыққа адалдықтың айқын көрінісі болды.
 
---------Chatbot---------
виртуальный помощник