KazNARU-ДА ҒЫЛЫМ МЕН ТӘЖІРИБЕ ТОҒЫСҚАН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

KazNARU-ДА ҒЫЛЫМ МЕН ТӘЖІРИБЕ ТОҒЫСҚАН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

2026 жылы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде 6В09104 – «Ветеринария» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттеріне арналған оқу практикасы аясында мазмұнды қонақ дәріс өтті. Танымдық кездесуге жалпы саны 390 студент қатысып, ветеринария ғылымының өзекті мәселелері бойынша құнды ақпарат алды.
Қонақ дәрісті Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институтының өкілі, биология ғылымдарының докторы, профессор, ветеринария саласының білікті ғалымы Асия Кыблашевна Мусаева өткізді.
Дәрістің тақырыбы: «Қойлардың сальмонеллездік түсігі: қоздырғышты индикациялау, идентификациялау, инактивациялау және адъювантқа сорбциялау. Вакцинаны зертханалық жануарларда және өндірістік жағдайда сынақтан өткізу».
Дәріс барысында студенттер инфекциялық аурулардың алдын алу мен диагностикалаудың ғылыми негіздерімен танысып, қоздырғыштарды анықтау, оларды зертханалық жағдайда зерттеу және вакциналық препараттарды әзірлеу кезеңдері туралы кеңінен мағлұмат алды. Сонымен қатар, ветеринария ғылымындағы заманауи зерттеу бағыттары мен өндірістік тәжірибенің маңызы түсіндірілді.
Кездесу ғылыми-танымдық форматта өтіп, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тәжірибелі ғалыммен еркін пікір алмасты. Болашақ ветеринар мамандар үшін бұл дәріс кәсіби бағыт-бағдар беріп қана қоймай, ғылымға деген қызығушылықтарын арттырған маңызды алаң болды.
Осындай мазмұнды кездесулер білім мен ғылымның сабақтастығын нығайтып, білікті ветеринар мамандарды даярлауға зор үлес қосады.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник