1 МАМЫР — ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Құрметті әріптестер, білім алушылар және серіктестер!
Сіздерді 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл мереке — еліміздегі татулық пен келісімнің, өзара құрмет пен достықтың айқын көрінісі.
ҚазҰАЗУ ұжымы үшін бірлік пен ынтымақ — білім мен ғылымды дамытудағы басты құндылықтардың бірі. Түрлі ұлт өкілдері бір шаңырақ астында бірлесе еңбек етіп, ортақ мақсатқа ұмтылуда.
Сіздерге зор денсаулық, амандық, береке және табыс тілейміз!
Еліміздің бірлігі нығайып, Қазақстанымыз гүлдене берсін!
Еліміздің бірлігі нығайып, Қазақстанымыз гүлдене берсін!