KazNARU-да МҰХТАР ШАХАНОВТЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ ӨТТІ
2026 жылғы 28 сәуірде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Қазақ халқының көрнекті ақыны, ұлт руханиятының жарқын өкілі, мемлекет және қоғам қайраткері Мұхтар Шахановты еске алу кеші өтті. Кешті Жалпы білім беру пәндері кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты С.А.Итегулова ұйымдастырды. Кешке ақын шығармашылығымен сусындап өскен бірнеше ұрпақ легі, оқытушылар мен «Орман шаруашылығы және жер ресурстары» факультеті «Орман шаруашылығы» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері қатысты. Бұл Шаханов әлеміне саяхат жасап, ұлттық кодты ұлықтаған ерекше форматтағы басқосу болды.
.jpeg)
Кеш шымылдығы ақынның азаматтық жолы мен қайраткерлік бейнесін айшықтайтын «Шаханов шыңы» бейнебаянымен ашылды. Ұлт мүддесін қорғаған ақынның отты бейнесі жиналған жастарды рухтандырып, поэзия әлеміне жетелеп әкетті.
.jpeg)
Кештің ең тартымды әрі қызықты бөлімі – «Шығарманы таны» айдары болды. Жастар экрандағы эмодзилер арқылы ақынның «Танакөз», «Нарынқұм зауалы», «Күре тамырды іздеу» поэмалары мен «Өркениеттің адасуы» романының атауын тауып, ребустарды шешті. Классикалық поэзия мен заманауи трендтер сәтті тоғысып, әр шешілген жұмбақтан кейін экранда көрсетілген шығармалардың ең әсерлі үзінділері жастарды сезім иіріміне жетеледі.

«Жырды жалғастыр» бөлімінде зал нағыз «жанды дауыс» алаңына айналды. Шахановтың сөзіне жазылған «Жұбайлар жыры» мен «Гүл дәурен» әндері кенеттен тоқтағанда, қатысушылар іркілместен әуенді бірге шырқап, іліп әкетіп жатты. Бұл – ақын мұрасының халықтың жадында, жастардың жүрегінде мәңгілікке жатталғанының айқын дәлелі.
«Шахановтың қанатты сөздері» бөлімінде ақынның рухты цитаталары талқыланды. Қатысушылар «Дос көңілін ұсынғанның бәрінен, Достық шыға бермейтінін ұмытпа!» деген секілді терең мағыналы ойларды бүгінгі заман тұрғысынан саралап, ақынның көрегендігіне тағы бір мәрте тәнті болды.
Кеш соңында жастар атақты «Жігерлендіру» өлеңіндегі шумақтарды жатқа оқып, ақынның әр сөзі оқырманның көкейіне өшпестей із қалдыратынын тағы бір мәрте дәлелдеп өтті.
Жалпы білім беру пәндері кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к Б.С.Жонкешов, ф.ғ.к. Б.Р. Оспанова, ф.ғ.магистрі Г.К. Досмайлова ақынның шығармашылығы туралы құнды пікірлерімен бөлісті.
Жалпы білім беру пәндері кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к Б.С.Жонкешов, ф.ғ.к. Б.Р. Оспанова, ф.ғ.магистрі Г.К. Досмайлова ақынның шығармашылығы туралы құнды пікірлерімен бөлісті.
«Шаханов – қазақ руханиятының Темірқазығы. Ол – шындық шыңына тігілген ту, ұлт ар-ожданының алдаспаны. Біз сол биікке қарап ойымызды түзейміз!» деген жалынды сөздер Мұхтар Шаханов салған сара жолдың – парасат пен намыстың ақ жолының ешқашан үзілмейтінін аңғартты.
KazNARU Баспасөз қызметі
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
