АГРАРЛЫҚ БІЛІМГЕ ЖОЛ: МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ

АГРАРЛЫҚ БІЛІМГЕ ЖОЛ: МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ

2026 жылғы 22 сәуірде «Зооинженерия және биотехнология» кафедрасының өкілдері кәсіби бағдар беру мақсатында Алматы облысы Іле ауданына қарасты бірқатар мектептерде кездесулер өткізді. Атап айтқанда, Н.Тілендиев атындағы №26 орта мектеп, Қосөзен ауылындағы №14 және №50 орта мектеп оқушыларымен мазмұнды жүздесулер ұйымдастырылды.
Кездесулерге кафедра меңгерушісі Кулатаев Б.Т., профессор Буралхиев Б.А., аға оқытушы Ғабит Г.Г. және 8D08201 білім беру бағдарламасының 1-курс докторанты Бурханова Б.Е. қатысты.
Шара барысында оқушыларға аграрлық сала мамандықтарының ерекшеліктері мен артықшылықтары кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар ауыл шаруашылығының бүгінгі даму деңгейі, болашағы және Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті ұсынатын білім беру мүмкіндіктері туралы толық ақпарат берілді.
Оқушыларға мамандық таңдаудың маңыздылығы айтылып, олардың жеке қызығушылықтары мен қабілеттеріне сәйкес бағыт-бағдар ұсынылды. Кездесу интерактивті форматта өтіп, сұрақ-жауап сессиясы барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.
Іс-шара аясында университет туралы ақпараттық материалдар таратылып, арнайы бейнероликтер көрсетілді. Сондай-ақ оқу орны туралы толық мәлімет алуға мүмкіндік беретін QR-кодтар ұсынылды.
Жалпы, өткізілген кәсіби бағдар беру жұмыстары оқушылардың аграрлық мамандықтарға деген қызығушылығын арттырып, олардың болашақ кәсіби таңдауына оң әсер етті.
 
 
---------Chatbot---------
виртуальный помощник