KazNARU СТУДЕНТТІК ОМБУДСМЕНІ НАЗЕРКЕ КҮЗЕН — АСТАНАДАҒЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫСЫ
2026 жылғы 25 сәуірде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық жобасының II жазғы маусымының ашылу салтанаты өтті.

.jpeg)
Алматы қалалық жастар ісі жөніндегі басқарманың ұсынуымен қаладағы үздік белсенділер ішінен тек 5 өкіл таңдалды. Солардың бірі — KazNARU студенттік омбудсмені Күзен Назерке.
.jpeg)

Президенттің өзі қатысқан сенбілікке Алматы делегациясының құрамында болған Күзен Назерке өз үлесін қосып, өңірдегі экологиялық бастамалармен танысты. Белсенді азамат және экология жанашыры ретінде ол KazNARU жастарын ұлттық деңгейде лайықты көрсетті.
.jpeg)
.jpeg)
Іс-шараға еліміздің 20 өңірінен келген өкілдер қатысып, экологиялық саясат, тұрақты даму және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін талқылады.

Күзен Назеркенің осы ауқымды акцияға қатысуы — KazNARU студенттерінің табиғатқа деген жанашырлығы мен азаматтық белсенділігінің айқын дәлелі.
#ТазаҚазақстан #KazNARU #Жастар #Экология #Алматы
