KazNARU-да «МЕН ОҚЫҒАН ҚЫЗЫҚ КІТАП» АТТЫ ДИСПУТ ӨТТІ

KazNARU-да «МЕН ОҚЫҒАН ҚЫЗЫҚ КІТАП» АТТЫ ДИСПУТ ӨТТІ

2026 жылғы 21 сәуір күні Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Ғылыми кітапханасының оқу залында «23 сәуір – Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар күні» онкүндігі аясында «Мен оқыған қызық кітап» атты әдеби талқылау ұйымдастырылып, онлайн кітап көрмесі таныстырылды.
Әдеби талқылау барысында қатысушылар өздері оқыған қызықты кітаптар туралы ой бөлісіп, шығармалардың мазмұны мен тәрбиелік мәнін жан-жақты талқылады.
Іс-шараға «Өсімдіктерді микроклоналды көбейту лабораториясының» ғылыми қызметкері Жүсіпова Қарлығаш, «Су ресурстары және мелиорация» кафедрасының аға оқытушысы, PhD Оңласын Ұлжан Қуанышбекқызы, «Топырақтану және агрохимия» кафедрасының аға оқытушысы Э.А. Букенова, «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасының оқытушысы Ж.С. Копбаева және барлық факультеттердің студенттері қатысты.
Мазмұнды өткен іс-шара жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, олардың рухани-танымдық көзқарасын кеңейтуге ықпал етті әрі нәтижелі пікір алмасу алаңына айналды.
---------Chatbot---------
виртуальный помощник