KazNARU ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАСЫНДА «АБАЙ ӘЛЕМІ» ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ
2026 жылдың 17 сәуірі күні Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Ғылыми кітапханасының оқу залында «Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар күніне» арналған онкүндік аясында «Абай әлемі» атты мәдени-танымдық іс-шара өтті.
.jpeg)
Іс-шараның негізгі мақсаты – студент жастарға ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлы шығармаларында көрініс тапқан «толық адам» тұжырымдамасының мәнін терең түсіндіру болды. Атап айтқанда, бұл тұжырымдаманың негізін құрайтын үш қасиет – ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек ұғымдары жан-жақты талқыланды.
.jpeg)
Сонымен қатар, іс-шара аясында студенттердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітапқа деген сүйіспеншілігін қалыптастыру және жүйелі түрде кітап оқуға баулу міндеттері жүзеге асырылды.
Іс-шара барысында студенттер ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, Абай Құнанбайұлы өмірі мен шығармашылығына арналған танымдық викторинаға белсенді түрде қатысты.
.jpeg)

.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
