ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫ: БИЛІК ТЕПЕ-ТЕҢДІГІ, АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫ: БИЛІК ТЕПЕ-ТЕҢДІГІ, АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ

2026 жылғы 15 сәуірде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Инженерлік технологиялар факультетінде «Қазақстанның жаңа Конституциясы: билік тепе-теңдігі, азаматтардың құқықтары және болашағы» тақырыбында танымдық дәріс өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, Конституцияның қоғамдағы рөлі мен маңызын терең түсіндіру, сондай-ақ жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастыру болды.
Дәріс барысында Қазақстандағы конституциялық реформалардың негізгі бағыттары жан-жақты қарастырылып, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету тетіктері, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері кеңінен талқыланды.
Сонымен қатар, Жаңа Конституцияның елдегі саяси тұрақтылықты нығайтудағы, демократиялық қағидаттарды дамытудағы және мемлекеттің ұзақ мерзімді даму басымдықтарын айқындаудағы рөлі ерекше атап өтілді.
Іс-шара интерактивті форматта өтіп, студенттер мен оқытушылар белсенді түрде қатысып, өз ой-пікірлерін білдіріп, тақырып аясында мазмұнды пікір алмасу жүргізді.
Аталған дәріс жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға, азаматтық жауапкершілігін нығайтуға және елдегі маңызды қоғамдық-саяси өзгерістерге деген қызығушылығын күшейтуге бағытталды.
---------Chatbot---------
виртуальный помощник