ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АРДАГЕРЛЕР ӨНЕГЕСІ – ЖАСТАРҒА ҮЛГІ
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің білім алушылары Алматы қаласы Медеу аудандық Ардагерлер кеңесінің өкілдерімен тағылымды кездесу өткізді.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай ұйымдастырылған бұл басқосудың басты мақсаты – ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, аға буынның ерлігін ұлықтау, сондай-ақ жас ұрпақтың бойында ұлттық рух пен отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру болды.
Кездесу басталар алдында соғыс жылдарында қаза тапқан боздақтарды еске алу мақсатында бір минут үнсіздік жарияланып, олардың рухына тағзым етілді.

Алғашқы сөз алған Медеу аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Алмас Әбдіраманұлы Тілеубаев соғыс жылдарындағы қазақстандықтардың қайсарлығы мен ерлігін айта отырып, Алматы қаласының ірі әкімшілік, өндірістік әрі мәдени орталығы саналатын Медеу ауданының тарихына тоқталды. Сонымен қатар ардагерлер кеңесінің атқарып жатқан жұмыстары мен аға буынның өнегелі өмір жолын жастарға насихаттаудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
.jpeg)
Іс-шара барысында бірқатар қоғам қайраткерлері мен еңбек ардагерлері марапатталды. Атап айтқанда, академик, мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті экономист-ғалым, экономика ғылымдарының докторы Оразалы Сәбден Сәбденұлына, университетіміздің түлегі, ауыл шаруашылығы саласының дамуына зор үлес қосқан еңбек ардагері Бекетаев Тоқберген Өтегенұлына, Медеу аудандық Ардагерлер кеңесінің мүшесі, «Весёлые нотки» балалар клубының жетекшісі Османова Валентина Васильевнаға Медеу ауданының «Құрметті ардагері» төсбелгісі табысталды.
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
Академик Оразалы Сәбден Сәбденұлы жиын барысында сөз сөйлеп, Тәуелсіздіктің қадір-қасиеті мен оның ұлт болашағындағы маңызына кеңінен тоқталды. Ол өз ойларын терең мазмұнмен жеткізе отырып, жастарды елдік құндылықтарды қастерлеуге шақырды. Кездесу соңында танымал ғалым бірнеше кітабын Медеу аудандық Ардагерлер кеңесіне тарту етті.
Кездесу барысында сөз сөйлеген Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, Алматы қалалық Ардагерлер кеңесінің «Жастарға рухани-адамгершілік, патриоттық тәрбие беру» комиссиясының төрағасы Берікжан Айтқұлұлы Әлмұхамбетов және ҚР Еңбек сіңірген қызметкері, «Қызыл Ай» қоғамының президенті, Медеу аудандық Ардагерлер кеңесінің мүшесі Екінбек Қамбарұлы Арғымбеков Ұлы Отан соғысының ел тарихындағы маңызына тоқталды.
.jpeg)
.jpeg)
Сондай-ақ олар университет аумағында Панфилов дивизиясының жасақталуына қатысты тарихи деректерді келтіріп, мұндай кездесулердің жастар тәрбиесіндегі рөлі ерекше екенін атап өтті.
Іс-шараны қорытындылаған Басқарма төрағасы – Ректордың бірінші орынбасары Пірімқұл Шолпанқұлұлы Ибрагимов университет тарихына қысқаша шолу жасап, білім ордамыздан екі Кеңес Одағының Батыры шыққанын мақтанышпен жеткізді. Сонымен қатар бүгінде жасы 104-ке таяған соғыс ардагері, биология ғылымдарының докторы, профессор Зұлқарнай Сейітұлы Сейітовтің де осы қара шаңырақтың түлегі екенін ерекше атап өтті.
.jpeg)
Өз сөзінде ол университетте жыл сайын ардагерлерді құрметтеп, тағылымды кездесулер ұйымдастыру игі дәстүрге айналғанын айтып, мұндай іс-шаралардың жастарға тәлім-тәрбие берудегі маңызы зор екенін жеткізді.
Жиын соңында университеттің Басқарма Төрағасы – Ректоры А. Күрішбаевтың атынан Медеу аудандық Ардагерлер кеңесіне алғыс хат табысталды.
Кездесу концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Алматы қаласының Белсенді ұзақ өмір орталығының Медеу аудандық бөлімшесінің зейнеткерлері – «Өрлеу» домбырашылар ансамблі, «Медеу» және «Примавэра» би ұжымдары, «Сандуғаш» ансамблі мен «Алма-Мюзик» тобы өз өнерлерін паш етті.
Жасы ұлғайса да, өнерден қол үзбей, белсенді өмір салтын ұстанып жүрген ардагерлердің күш-жігері мен өмірге деген құштарлығы – жас ұрпақ үшін жарқын үлгі. Осындай тағылымды кездесулер арқылы ұрпақтар арасындағы рухани байланыс нығайып, елдік пен ерлікке деген құрмет арта түсері сөзсіз.




.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
