ӨҢІРАРАЛЫҚ CYBERSHIELD 2026 ХАКАТОНЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ
Қазақстан жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған өңіраралық CYBERSHIELD 2026 IT-хакатонына өтінім қабылдау басталды.
Хакатон жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы келесі бағыттар бойынша цифрлық шешімдер әзірлеуге бағытталған:
— агро саласындағы талдау
— криптовалюта бағытындағы тәуекелдерді анықтау
Қатысушылар 2–4 студенттен тұратын командалар құрамында бақ сынай алады.
Өтінім қабылдау мерзімі:
2026 жылғы 10–25 сәуір
Хакатон финалы:
2026 жылғы 29 сәуір
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті,
Петропавл қаласы
Маңызды:
— қатысу офлайн форматта өтеді
— шешімнің прототипін әзірлеу қажет
— команда тек бір ғана жоба ұсына алады
— өтінімді команда капитаны жіберуі тиіс
— қатысушылар ұйымдастырушылар ұсынған тапсырмалардың бірін таңдайды
Өтінімді хакатон сайтында беруге болады: