KazNARU-дың ҚАТЫСУЫМЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӘСІБИ БАҒДАР ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

KazNARU-дың ҚАТЫСУЫМЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӘСІБИ БАҒДАР ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

✅2026 жылдың 10 сәуірінде сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін Өскемен қаласындағы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен ауқымды кәсіби бағдар беру жұмыстары ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – талантты жастарды қолдау және жоғары білімнің қолжетімділігін арттыру.
✅Кездесуге Өскемен қаласы мен Шығыс Қазақстан облысының мектеп бітіруші түлектері қатысып, жалпы саны 1500-ден астам оқушы қамтылды. Іс-шара барысында талапкерлерге білім беру бағдарламалары, оқу мүмкіндіктері мен болашақ мамандық таңдаудың маңыздылығы кеңінен түсіндірілді.
✅Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті атынан «Ветеринария және зооинженерия» факультетінің «Фармакология және жануарлар патологиясы» кафедрасының аға оқытушысы Умбетжанов Қайырбек Жексеналыұлы және осы факультеттің 2-курс студенті Әбдірашов Даниял кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізіп, университеттің білім беру бағыттары мен мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берді.
✅Сонымен қатар, 2026 жылдың 13 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында Алматы қаласы мен оған жақын орналасқан аудандардың мектеп бітіруші түлектеріне арналған кәсіби бағдар беру жұмыстары жалғасын тапты. Аталған ауқымды шараға 3500-ден астам оқушы қатысуда. Бұл іс-шараға да Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті белсенді түрде қатысып, талапкерлерге білім беру мүмкіндіктері мен мамандықтар жайлы жан-жақты ақпарат ұсынды.
✅Аталған жұмыстар Астана, Павлодар, Семей қалаларынан бастау алған кәсіби бағдар беру іс-шараларының заңды жалғасы болып табылады.
✅Осындай игі бастамалар арқылы жастардың саналы таңдау жасауына жол ашып, болашақ мамандықтарын айқындауға зор септігін тигізуде.
 
---------Chatbot---------
виртуальный помощник