12 СӘУІР – ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Құрметті ғалымдар, профессор-оқытушылар құрамы, ғылыми қызметкерлер!
Сіздерді 12 сәуір – Қазақстандағы Ғылым қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Ғылым – елдің зияткерлік әлеуетін қалыптастыратын, инновациялық дамудың және ұлттық бәсекеге қабілеттіліктің негізі болып табылады. Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз, табанды еңбектеріңіз бен ғылыми ізденістеріңіз Қазақстанның тұрақты дамуына және жаңа буынның сапалы білім алуына зор үлес қосуда.
Білім мен ғылымды дамыту жолындағы қажырлы еңбектеріңіз, жаңашыл идеяларыңыз бен ғылыми жетістіктеріңіз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.
Сіздерге мықты денсаулық, шығармашылық табыс, жаңа ғылыми жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз!