KazNARU РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ШАРАЛАРЫНА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУДА

KazNARU РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ШАРАЛАРЫНА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУДА

✅Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі талантты жастарды қолдау және жоғары білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2026 жылдың 7-25 сәуір аралығында еліміздің жоғары оқу орындары мен шетелдік ЖОО филиалдарының қатысуымен оқушылар мен жастар арасында ауқымды кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілуде. Осы маңызды республикалық шараға Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті де белсене қатысып, еліміздің әр өңіріндегі мектеп бітіруші түлектерге кәсіби бағыт-бағдар беріп, университеттің білім беру бағдарламалары мен мүмкіндіктерін кеңінен таныстыруда.
✅Аталған жұмыс аясында ЖОО көрмелері, ақпараттық-түсіндіру кездесулері, мамандықтар туралы таныстырылымдар және ҰБТ бойынша кеңестер өткізіліп, талапкерлерге жоғары білім алу жолдары жөнінде толық ақпарат ұсынылуда.
✅ Шарада Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті атынан «Ветеринария және Зооинженерия» факультетінің «Фармакология және жануарлар патологиясы» кафедрасының аға оқытушысы Умбетжанов Қайырбек Жексеналыұлы, «Ветеринария және Зооинженерия» факультетінің 2-курс студенті Әбдірашов Даниял қатысып, белсенді түрде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
✅ 7 сәуір күні кәсіби бағдар беру жұмыстары Астана қаласындағы Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында басталды. Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің атынан барған оқытушы мен білім алушымыз оқушыларға аграрлық білім беру бағыттары, университеттің мүмкіндіктері мен мамандықтары туралы жан-жақты ақпарат берді.
✅8 сәуір күні Павлодар қаласында, Торайғыров университетінде ҚР ҒЖБ министрлігімен бірлескен «Study in Kazakhstan» көрмесі өтті. Бұл шараға шамамен 900-ге жуық мектеп бітіруші түлек қатысып, еліміздегі және шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары туралы ақпарат алды.
✅9 сәуір күні Семей қаласындағы Шәкәрім университетінде өткен кәсіптік бағдар беру шарасы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оған 3000-нан астам түлек қатысты. Бұл күні университет өкілдері оқушыларға аграрлық саланың мамандықтары, оқу мүмкіндіктері, гранттар және студенттік өмір туралы толық ақпарат пен қойылған сауалдарына жауап берді.
✅10 сәуір күні Өскемен қаласында «Аманжолов университетінде» кәсіптік бағдар беру жұмыстары жалғасын тапты. Осы шара аясында оқушылар мен түлектерге жоғары оқу орындары, мамандықтар және білім беру бағдарламалары туралы да ақпарат беріліп, мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар көрсетілді.
✅Алдағы уақытта, 13 сәуір күні Алматы қаласында, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтетін кәсіптік бағдар беру көрмесіне де университет өкілдері қатысып, талапкерлермен кездесіп, білім беру бағдарламалары мен мүмкіндіктерді таныстыру жұмыстарын жалғастырады.

 
---------Chatbot---------
виртуальный помощник