БИЗНЕС, ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ: АӨК ДАМУЫНЫҢ ЖАҺАНДЫҚ БАҒЫТТАРЫ

БИЗНЕС, ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ: АӨК ДАМУЫНЫҢ ЖАҺАНДЫҚ БАҒЫТТАРЫ

2026 жылғы 10 сәуірде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті Бизнес және құқық жоғары мектебінде «АӨК-тің цифрлық экожүйесі: экономиканың жаһандық трансформациясы жағдайында құқықтық жүйе мен инновациялық бизнес-модельдерді интеграциялау» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Іс-шара Қазақстан, Өзбекстан, Беларусь, Ресей, АҚШ, Гана, Франция және басқа да елдерден келген ғылыми қауымдастық өкілдерін, мемлекеттік органдар мен сарапшыларды біріктірді.
Конференцияның құрметті қонағы ретінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Абден Қарақат құттықтау сөз сөйледі.
Шетелдік қатысушылар қатарында Ганадан келген экономист-зерттеуші Максвелл Яу Кьеремех өз көзқарасын ұсынып, заманауи экономикалық үдерістерге сараптамалық талдау жасады.
Конференция аясында магистранттар мен студенттердің баяндамалары тыңдалып, агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың ғылыми және практикалық аспектілері кеңінен қарастырылды. Ерекше назар Белорусь мемлекеттік университетінің студенті Воронова Марина ұсынған мазмұнды баяндамаға аударылды. Сонымен қатар, “Мемлекеттік және жергілікті басқару” білім бағдарламасының студенті Серік Азамат жоғары деңгейдегі дайындығы мен тақырыпты терең меңгергенін көрсетті.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар агроөнеркәсіптік кешендегі цифрлық экожүйелерді дамыту, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ құқықтық жүйе мен инновациялық бизнес-шешімдерді интеграциялау қажеттілігін атап өтті.
---------Chatbot---------
виртуальный помощник