ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

KazNARU-да «ТҮРКІСТАН АХМЕТ ЯСАУИ» КӘСІБИ КОЛЛЕДЖІ ТҮЛЕКТЕРІНЕ АРНАЛҒАН «АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ ӨТТІ

✅Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Ветеринария және зооинженерия» факультетінің «Клиникалық пәндер» кафедрасының профессоры Сиябеков Сәрсенбек Төреханұлының ұйымдастыруымен Түркістан облысы, Түркістан қаласындағы «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің бітіруші түлектеріне кәсіби бағдар беру мақсатында «Ашық есік» күні өткізілді. Іс-шара колледж оқытушысы Куракова Зульфат Гумарқызының жетекшілігімен ұйымдастырылды.
✅Сапар барысында қонақтар «Ветеринария және зооинженерия» факультетінің деканы Мусоев Асылбек Майлыбайұлының қабылдауында болып, факультет қызметі, білім беру бағдарламалары мен оқу үдерісі туралы жан-жақты ақпарат алды.
✅Сонымен қатар, университеттің кәсіби бағдар жұмысын ұйымдастыру бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өтіп, екі оқу орны арасында кәсіби бағдар беру бағытындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында меморандумға қол қойылды.
✅Университетпен таныстыру аясында түлектер Қазақстан–Жапон инновациялық орталығында, Өсімдіктерді микроклоналды көбейту зертханасында, Азық-түлік және экологиялық қауіпсіздік зертханасында, сондай-ақ Жасыл биотехнология және клеткалық инженерия зертханасында болды. Сонымен қатар факультет құрамындағы «Репродуктология және хирургиялық патологиялар» оқу-ғылыми зертханасы, «Ветеринариядағы инновациялар» мамандандырылған аудиториясы, «Акушерлік», «Патологиялық анатомия және паразитология» кабинеттері, академик Н.У. Базанова атындағы Жануарлар биологиясы мұражайына экскурсия ұйымдастырылды.
✅Іс-шара барысында университет басшылығы мен профессор-оқытушылар құрамы талапкерлерге білім беру мүмкіндіктері мен ветеринария саласындағы мамандықтардың артықшылықтары туралы кеңінен мәлімет беріп, болашақ мамандықты дұрыс таңдауға бағыт-бағдар ұсынды.
✅Кездесу қорытындысында қонақтар университет ұжымына жылы қабылдау мен мазмұнды бағдарлама үшін алғыс білдірді.
---------Chatbot---------
виртуальный помощник