KazNARU ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАРЫ АУҚЫМДЫ КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУДЕ
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің профессорлық-оқытушылар құрамы мектептер мен колледждерде ауқымды кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
«Инженерлік технологиялар» факультетіФакультеттің профессор-оқытушылар құрамы Алматы қаласы мен Алматы облысының бірқатар білім беру ұйымдарында кәсіби бағдар беру жұмыстарын белсенді түрде жүзеге асырды. Атап айтқанда, И.В. Сахаров атындағы «Көлік техникасы және технологиялары» кафедрасының аға оқытушылары Күнтуғанқызы А. мен Касимова Р.М. Алматы теміржол көлігі колледжінде кездесу өткізді. Сонымен қатар, профессор-оқытушылар құрамы Ниязбаев Ә.К., Саркынов Е., Курбаналиев Б.Б., Жумагулов Ж.Б. және Черикбаев Р.К. Жамбыл ауданындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Факультет деканы Л. Алдибаева, «Энергетика және электротехника» кафедрасының ассистенттері Д. Сарсенбекұлы мен А. Елеушинов Кеген ауданындағы және Жалаңаш ауылындағы мектептерде, сондай-ақ Көлсай кәсіптік-техникалық колледжінде кездесулер ұйымдастырды.
Сонымен қатар, «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының оқытушылары Алматы қаласының мектептерінде, сондай-ақ Жамбыл облысы, Меркі ауданындағы мектептерде кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізіп, мектептермен меморандумға қол қойды. Бітіруші түлектермен кездесулер өткізіліп, сауалнамалар QR код арқылы жүргізілді.
«Орман шаруашылығы және жер ресурстары» факультеті«Орман ресурстары, аңшылықтану және аквакультура» кафедрасының аға оқытушысы Шыныбеков М.К. Алматы облысы Райымбек ауданындағы Сарыжаз, Қарасаз, Шалкөде, Талас ауылдарындағы мектептер мен Сарыжаз кәсіптік-техникалық колледжінде кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізіп, жалпы саны 110 талапкерді қамтыды.
«Агробиология» факультетіФакультеттің профессор-оқытушылар құрамы Куандыкова Э.М., Үсенова Г.А., Жайлибаева Л.А. Алматы қаласы білім басқармасына қарасты Ш. Уалиханов атындағы №12 жалпы білім беретін мектепте кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді. 11-сынып оқушыларымен кездесу барысында университеттің білім беру бағдарламалары таныстырылып, бейнеролик көрсетілді. Оқушылар өз сұрақтарына толық жауап алып, университетпен байланыс орнатты. Мектеп бойынша 11-сынып бітірушілерінің жалпы саны – 135 оқушы.
«Жалпы білім беру пәндері» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы С.А. Итегулова мен Е.С. Оспанов Алматы қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы №159 мектеп-гимназиясында 10-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізіп, университеттің білім беру бағдарламалары туралы толық ақпарат берді. Сонымен қатар, оқушыларға үлестірмелі материалдар таратылып, сұрақтарына жауап берілді.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен 2025 жылғы 7-25 сәуір аралығында кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізіліп, Астана қаласындағы Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайынан бастау алды.Сондай-ақ, «Фармакология және жануарлар патологиясы» кафедрасының аға оқытушысы Умбетжанов Қ.Ж. және «ТИАШМИИ» ҰЗУ Алматы филиалының директоры Бердышев А.С. Өзбекстан Республикасының қазақ мектептерінде кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізіп, қандас талапкерлерге Қазақстанда білім алу мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсынды.
Кездесулер барысында университеттің білім беру бағдарламалары, оқу үдерісі, гранттық мүмкіндіктері мен қабылдау талаптары жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, болашақ мамандықты дұрыс таңдаудың маңыздылығы атап өтіліп, аграрлық және инженерлік салалардың даму перспективалары кеңінен таныстырылды.









.jpg)

















