ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

✅2026 жылдың 3 сәуірінде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті аумағында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Игі шараға университеттің әкімшілік-басқару қызметкерлері, профессорлық-оқытушылар құрамы және студенттер белсене қатысып, оқу орнының аумағын абаттандыру жұмыстарына жұмылды, жалпы сенбілікке 500-ден астам адам қатысты.
✅Сенбілік барысында аулалар мен гүлзарлар қыс мезгілінен кейін жиналған қоқыстардан тазартылып, жасыл аймақтар ретке келтірілді. Сонымен қатар, университет ішіндегі жолдар мен ғимараттардың маңайы мұқият тазаланып, жалпы санитарлық жағдай жақсартылды. Қатысушылар тек тазалық жұмыстарымен шектелмей, инфрақұрылымды жаңғыртуға да үлес қосты: турникеттер, орындықтар және жол жиектері боялып, ағаштар әктелді.
✅Мұндай шаралар оқу орнының көркін арттырып қана қоймай, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, ұжымдық бірлікті нығайтуға ықпал етеді. Сенбілік нәтижесінде университет аумағы көркейіп, көктемгі маусымға дайын күйге келтірілді.

ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі
---------Chatbot---------
виртуальный помощник