ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

KazNARU-да «ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ТОКСИКОЛОГИЯ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ ӨТТІ

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Ветеринария және зооинженерия факультетінде «Фармакология және жануарлар патологиясы» кафедрасының ұйымдастыруымен «Ветеринариялық токсикология» тақырыбында интеллектуалдық олимпиада өтті.
Аталған білім сайысын кафедраның қауымдастырылған профессоры С.Т. Нусупова, аға оқытушылары Х.А. Азизов, А.А. Джангабулова және ассистенті Ж. Әбирбекқызы жоғары деңгейде ұйымдастырды.
Олимпиаданың басты мақсаты – білім алушылардың теориялық білімдерін тереңдету, клиникалық ойлау қабілетін дамыту, жедел шешім қабылдау дағдыларын жетілдіру және кәсіби құзыреттілігін арттыру болды.
Байқау барысында қатысушылар ветеринариялық токсикология саласындағы күрделі тапсырмаларды орындап, өзара білім сайысында жоғары белсенділік танытты. Студенттер өздерінің терең дайындықтарын, жауапкершіліктерін және болашақ мамандықтарына деген қызығушылықтарын айқын көрсете білді.
Әділқазылар алқасы қатысушылардың білім деңгейіне жоғары баға беріп, үздік нәтижеге қол жеткізген білім алушыларды арнайы марапаттады.
Мұндай интеллектуалдық сайыстар болашақ мамандардың кәсіби қалыптасуына оң әсерін тигізіп, ғылымға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.
 
ЖЕҢІМПАЗДАР МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕР
2026 жылы 17 наурызда Токсикология пәнінен интеллектуалдық олимпиада қорытындысы бойынша үздік нәтижелер көрсеткен командалар анықталып, жүлделі орындарға ие болды:
 
🥇 I орын – Вет-23-03Қ тобы
Топ басшысы: Игілік Ақиқат
Құрамы: Қуанәлі Қырмызы, Жахан Бекнар, Жамалбеков Қамбар, Қауымбаева Мөлдір
 
🥈 II орын
Топ басшысы: Газаева Махаббат
Құрамы: Жұмабек Бейбарыс, Әкім Айерке, Утепова Альфия, Абдуллаева Жанат
 
🥉 III орын – Вет-25-21 тобы
Топ басшысы: Нұржан Ақерке
Құрамы: Ерғазы Нұржан, Басымбек Қасым, Рахманбай Әлинұр, Айбол Еңілік
 
Жүлделі орын алған студенттер I, II, III дәрежелі грамоталармен марапатталды. Сонымен қатар, IV–V орын иегерлері алғыс хаттармен марапатталды.
---------Chatbot---------
виртуальный помощник