KazNARU-ДА ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАС КОНСУЛДЫҒЫНЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН ИФТАР (АУЫЗАШАР) ӨТТІ
2026 жылғы 16 наурызда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының қолдауымен ауызашар дастарханы ұйымдастырылды. Аталған іс-шара KazNARU мен бауырлас Түркия мемлекеті арасындағы білім, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықтың нығайып келе жатқанын айқындайтын маңызды оқиғалардың бірі болды.

Ауызашарға Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының өкілдері, университеттің профессор-оқытушылар құрамы, білім алушылар мен қызметкерлер қатысты. Іс-шараның құрметті қонақтары қатарында Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулының орынбасары Эмре Карабатак, коммерциялық атташе Экрем Альпер Бозкурт және білім беру жөніндегі атташе Şükür Köse болды.
.jpeg)
Кездесу барысында KazNARU Басқарма мүшесі, Басқарма Төрағасы – Ректордың Бірінші орынбасары Пірімқұл Шолпанқұлұлы Ибрагимов қатысушыларға құттықтау сөз арнап, Түркия Республикасымен ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығын ерекше атап өтті. Ол екі ел арасындағы тарихи жақындық, ортақ рухани құндылықтар мен өзара тиімді әріптестіктің жоғары әлеуетіне тоқталып, университет үшін түркиялық білім және ғылым ұйымдарымен байланыстарды дамыту халықаралық қызметтің басым бағыттарының бірі екенін жеткізді.
.jpeg)
Бүгінде KazNARU-дың Түркиямен ынтымақтастығы жүйелі түрде дамып, жаңа мазмұнмен толықтырылуда. Соның жарқын мысалдарының бірі – Түркия Республикасының Бас консулдығының қолдауымен ұйымдастырылған түрік тілі курстары. Қазіргі таңда университеттің 150-ден астам студенті түрік тілін меңгеруде. Бұл жастардың тілге, мәдениетке және Түркияның білім беру мүмкіндіктеріне деген қызығушылығының жоғары екенін көрсетеді. Аталған бастама білім алушылардың тілдік құзыреттерін арттырып қана қоймай, екі ел жастары арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға да ықпал етеді.

Сонымен қатар, ғылыми ынтымақтастық та белсенді түрде дамып келеді. Қазіргі уақытта KazNARU-дың 26 докторанты Түркияның жетекші профессорларымен бірлесіп диссертациялық зерттеулер жүргізуде. Мұндай тәжірибе жас ғалымдарға халықаралық ғылыми ортада тәжірибе алмасуға, заманауи зерттеу әдістерін қолдануға және өз ғылыми жұмыстарын тереңдетуге мүмкіндік береді. Түркиялық әріптестермен бірлескен жұмыстар академиялық ұтқырлықты кеңейтуге, ғылыми жарияланымдарды арттыруға және жаңа ғылыми жобаларды жүзеге асыруға жол ашады.
Екіжақты ынтымақтастықта мәдени-гуманитарлық бағыттың да орны ерекше. Университетте Түркияның тарихы, мәдениеті және қазіргі даму үрдістерімен таныстыруға бағытталған түрлі мәдени іс-шаралар, кездесулер мен бағдарламалар тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұл бастамалар студенттердің мәдени әртүрлілікке деген құрметін қалыптастырып, өзара түсіністік пен достық қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етеді.
Ұйымдастырылған ауызашар тек рухани әрі мәдени іс-шара ғана емес, сонымен қатар әріптестік байланыстарды нығайтуға арналған тиімді алаң болды. Қатысушылар білім, ғылым және жастар алмасуы бағытындағы бірлескен жобаларды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. Іс-шара барысында мұндай кездесулердің сенімді диалогты дамытудағы және Қазақстан мен Түркия академиялық қауымдастықтарының жақындасуындағы рөлі ерекше екені айтылды.
KazNARU алдағы уақытта да түркиялық серіктестермен халықаралық байланыстарды нығайтып, ынтымақтастық бағыттарын кеңейтіп, студенттер, магистранттар, докторанттар мен оқытушылар үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруды жалғастырады. Университет Түркия Республикасымен өзара іс-қимылды білім сапасын арттырудың, ғылымды дамытудың және мәдени ортаны байытудың маңызды факторы ретінде қарастырады.
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығына жан-жақты қолдау көрсеткені, екіжақты бастамаларды дамытуға қосқан үлесі және елдеріміз арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған қызметі үшін шынайы алғысын білдіреді.

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)