KazNARU-да 8 НАУРЫЗҒА ОРАЙ «ӘЙЕЛ – СҰЛУЛЫҚТЫҢ ӘУЕНІ» САЛТАНАТТЫ КЕШІ ӨТТІ
2026 жылғы 5 наурызда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Әйел – сұлулықтың әуені» атты мерекелік концерт өтті. Университеттің акт залында өткен іс-шараға профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер мен студенттер қатысты.
Мерекелік кештің басты мақсаты – қоғамдағы әйелдердің рөлін дәріптеу, олардың еңбегіне құрмет білдіру және университет ұжымындағы әйел қауымын көктем мерекесімен құттықтау болды.
.jpeg)
Іс-шара барысында университеттің Басқарма Төрағасы – Ректор, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының Президенті, академик Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев құттықтау сөз сөйлеп, әйелдердің қоғамдағы және ғылым мен білім саласындағы маңызды рөлін атап өтті.
Ректордың айтуынша, елімізде әйелдер халықтың шамамен 51 пайызын құрайды және елдің тұрақты дамуы мен көркеюіне зор үлес қосып келеді. KazNARU ұжымында 1077 қызметкер еңбек етсе, соның 684-і – нәзік жандылар. Басшылық қызметте 71 әріптесіміз еңбек етуде. Профессор-оқытушылар құрамында 19 ғылым докторы, 94 ғылым кандидаты, 80 PhD докторы және 183 магистр бар.
Ғылыми жетістіктер де ерекше атап өтілді. Әр жылдары университеттің 39 оқытушысы «Қазақстан Республикасының үздік оқытушысы» атағына ие болды. Биылғы оқу жылында бір қызметкер «Үздік ғылыми қызметкер», бір оқытушы «Үздік оқытушы» атанды. Сонымен қатар бір жас ғалымға мемлекеттік ғылыми стипендия тағайындалып, екі әріптес халықаралық «Болашақ» стипендиясының иегері атанды. Сондай-ақ ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының Наиля Базанова атындағы тұңғыш сыйлығымен екі әріптестің марапатталуы университеттің ғылыми беделін арттыра түсті.
.jpeg)
Ректор өз сөзінде университет қызметкерлері мен студенттерінің аруларды ерекше ықыласпен құттықтап жатқанына ризашылығын білдіріп, мұндай құрмет пен сыйластық ұжым бірлігінің көрінісі екенін атап өтті.
Мереке аясында университеттің бірқатар қызметкерлері мен оқытушыларына алғыс хаттар мен құрмет грамоталары табысталды. Марапатталған қызметкерлердің толық тізімі төмендегі файлда берілген.
8 наурыз мерекесіне орай марапатталған қызметкерлердің тізімі
Іс-шара барысында университеттің Әскери кафедрасының өкілдері залға келген әйел қауымды мерекемен құттықтап қарсы алып, қызғалдақ гүлдерін тарту етті. Ерекше атап өтерлігі, бұл гүлдер «Орман шаруашылығы және жер ресурстары» факультетінің студенттері өз қолдарымен өсірген қызғалдақтар болды.


Концерттік бағдарлама барысында университеттің барлық факультеттері мен құрылымдық бөлімдерінің өкілдері өнер көрсетіп, көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлады. Кеш «WAYB» би тобы орындаған «Назқоңыр» биімен басталып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
.jpeg)
Бағдарлама аясында университет оқытушылары, қызметкерлері мен студенттері «Анашым», «Биле, биле», «Бозторғай ана», «Сен керексің», «Все для тебя», «Жұлдызым», «Сенім шынары» әндерін орындап, мерекелік кештің ажарын аша түсті.

Сонымен қатар Мұқағали Мақатаевтың «Әйелдердің мерекесі екен ғой!» өлеңі мәнерлеп оқылып, аналар мен әйелдерге деген ерекше құрмет жеткізілді. Би өнерін университеттің «WAYB» және «ONE» би топтары ұсынды.
Мерекелік кештің ерекше сәттерінің бірі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Құдайберген Бекіштің арнайы қонақ ретінде өнер көрсетуі болды. Өнер иесі «Анашым», «Сырласу», «Ханшайым», «Армандастар» әндерін орындап, көрермендердің зор қошеметіне бөленді. Әсіресе «Анашым» және «Сырласу» әндері жанды дауыста орындалып, көрермендер де бірге қосылып айтып, кештің әсерін арттыра түсті.
.jpeg)
Іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне Жастар ісі жөніндегі комитет пен тәрбие жұмыстары бөлімінің қызметкерлері А. Сманов, А. Қозыбағарова, Ә. Еркебай, Қ. Иманов және А. Палуанов жауапты болып, ұйымдастыру жұмыстарына белсенді атсалысты.
Мерекелік концерт соңында қатысушылар естелік суретке түсіп, жылы әсермен тарасты. Мұндай мәдени іс-шаралар университет ұжымының бірлігін нығайтып, студенттер мен қызметкерлер арасында рухани құндылықтарды дәріптеуге ықпал етеді.
KazNARU Баспасөз қызметі
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)