KAZGROW ҚАУЫМДАСТЫҒЫНДА КӘСІБИ БІЛІКТІЛІКТІ БАҒАЛАУ ОРТАЛЫҒЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
KazGrow қауымдастығы жанында кәсіби біліктіліктерді тану орталығы жұмыс істей бастады. Бұл агроөнеркәсіптік кешен мамандарының кәсіби құзыреттерін бағалауға, растауға және дамытуға бағытталған мамандандырылған құрылым.
Орталықтың құрылуы ауыл шаруашылығының кадрлық әлеуетін дамытуда және Қазақстан Республикасының Ұлттық біліктілік жүйесінің тетіктерін енгізу жоландағы маңызды қадам болды.
Орталық туралы
Кәсіби біліктіліктерді тану орталығы ауыл шаруашылығы саласында еңбек ететін мамандардың біліктілігін бағалау және тану бағытында қызмет көрсететін ұйым.
Ол KazGrow қауымдастығының құрамында жұмыс істейді және агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерінің кәсіби өсуін қолдауға бағытталған.
Орталық мамандарға:
- кәсіби даярлық деңгейін растауға;
- салалық талаптарға сәйкес біліктілігін арттыруға;
- құзыреттеріне объективті бағалау алуға;
- еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Орталық миссиясы - жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алған мамандардың, сондай-ақ салада жұмыс істеп жүрген қызметкерлердің кәсіби даярлық деңгейін кәсіби стандарттар талаптарына сәйкестігі тұрғысынан объективті бағалау.
Мақсаты - мамандардың біліктілігі агроөнеркәсіптік кешеннің нақты салаларының қажеттіліктеріне және қазіргі
еңбек нарығының талаптарына сәйкестігін айқындау.
Сала үшін маңызы
Орталықтың іске қосылуы:
-
ауыл шаруашылығындағы кадрлар сапасын арттыруға;
-
біліктілікті бағалау үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етуге;
-
кәсіби стандарттарды енгізуге жәрдемдесуге;
-
жұмыс берушілердің расталған құзыреттерге деген сенімін нығайтуға;
-
агроөнеркәсіптік кешенде үздіксіз кәсіби дамуға жағдай жасауға мүмкіндік береді.
KazGrow қауымдастығы агроөнеркәсіптік кешен қатысушыларын, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің профессор-оқытушылар құрамын біріктіреді және саланың тұрақты дамуына, заманауи стандарттарды енгізуге және мамандардың кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған бастамаларды жүзеге асырады.
Қосымша ақпарат apesk.kz сайтында.
