ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ: 2-КҮН – АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ СУ РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ БОЙЫНША ФОРСАЙТ-СЕССИЯ
Халықаралық ғылыми-сараптамалық форумның екінші күні Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті (KazNARU) базасында Алматы қаласының су ресурстарын тұрақты басқарудың ұзақ мерзімді сценарийлерін әзірлеуге арналған форсайт-сессия өтті.
Форсайт-сессия форумның бірінші күніндегі ғылыми талқылаулардың логикалық жалғасы болып, су қауіпсіздігі мәселелерін теориялық тұрғыдан талдаудан стратегиялық жоспарлаудың практикалық сценарийлік кезеңіне көшуге мүмкіндік берді.
Форсайт-сессия жұмысына АлматыСу, KazNARU Су хабы, Казгидромет, У.М. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және геоэкология институты, Satbayev University, КазВодхоз және Орталық Азия экологиялық зерттеулер институтының өкілдері белсенді қатысты. Сондай-ақ бірінші күнгі форумға қатысқан ғылыми қауымдастық, мемлекеттік органдар және салалық ұйымдар өкілдері талқылауға атсалысты.
Форсайт-сессияны факультет деканы Арыстанов Мейрам Буранович кіріспе сөзбен ашып, Алматы қаласының су ресурстарын басқарудың ғылыми негізделген сценарийлерін әзірлеудің стратегиялық маңызын және ғылыми әрі салалық сараптамалық әлеуетті біріктірудің қажеттігін атап өтті.
Қатысушыларға әдіснамалық түсіндірмені профессор Ali Torabi Haghighi (University of Oulu, Финляндия) және Азиза Мейрамовна Баубекова (PhD, University of Oulu, Финляндия) жүргізді. Форсайт-сессияның фасилитаторы Иван Раделюк болып, ол сараптамалық топтардың жұмысын үйлестіріп, пікірталастардың кәсіби деңгейде өтуін қамтамасыз етті.
Жұмыс халықаралық деңгейде мойындалған форсайт-тәсілге негізделді, ол:
• өзгеріс факторлары мен негізгі белгісіздіктерді айқындауды;
• су ресурстарын басқару жүйесінің даму драйверлерін бағалауды;
• баламалы сценарийлерді қалыптастыруды;
• олардың тұрақтылығы мен іске асырылу мүмкіндігін сараптамалық бағалауды қамтыды.
Топтық және аналитикалық жұмыс барысында қатысушылар климаттық тәуекелдер, су тұтынудың трансформациясы, инфрақұрылымның жай-күйі, институционалдық және нормативтік шектеулер, сондай-ақ қаланың тұрақты даму қажеттіліктерін ескере отырып, Алматы қаласының су басқару жүйесінің ықтимал даму траекторияларын айқындады.
Әзірленген сценарийлер стратегиялық жоспарлауды жетілдіруге, ведомствоаралық үйлестіруді нығайтуға және ғылыми құралдарды басқарушылық шешім қабылдау жүйесіне енгізуге негіз болады.
Форсайт-сессия нәтижесінде болашақ сын-қатерлерге қатысты сараптамалық көзқарас қалыптастырылып, су басқару жүйесін реформалаудың басым бағыттары айқындалды, аналитикалық материалдар мен ғылыми жарияланымдар әзірлеуге негіз қаланды, сондай-ақ университеттің су қауіпсіздігі мәселелері бойынша ұлттық сараптамалық алаң ретіндегі рөлі нығайтылды.
Форумның екінші күнінің нәтижелері БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға, атап айтқанда ТДМ 6 (Таза су және санитария), ТДМ 11 (Тұрақты қалалар мен елді мекендер) және ТДМ 13 (Климаттың өзгеруіне қарсы іс-қимыл) мақсаттарына үлес қосады.
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)

.jpeg)
