KazNARU-да APOLLO E. V. (ГЕРМАНИЯ) БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА НЕМІС ТІЛІ КУРСЫ БАСТАЛДЫ
2026 жылғы 24 ақпанда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде APOLLO e. V. (Германия) бағдарламасы аясында неміс тілі курсы басталды. Бағдарлама экология, ауыл шаруашылығы және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған және аграрлық мамандықтар бойынша білім алушыларға Германияда тағылымдамадан өту мүмкіндігін ұсынады.
Курсты Қазақ-Неміс университеті (DKU) неміс тілі пәнінің оқытушысы Лукас Гребенштейн жүргізеді.
Курсқа APOLLO e. V. бағдарламасының іріктеуінен өткен 21 білім алушы қатысуда. Сабақтар 2026 жылғы 23 ақпан мен 23 маусым аралығында, аптасына екі рет, 90 минуттан өткізіледі.
Курс соңында білім алушылар неміс тілінен емтихан тапсырып, екінші кезеңдік іріктеуден өтеді. Нәтижесінде 15 студент 5 маусым мен 31 тамыз аралығында Германияда кәсіби тәжірибеден өтеді.
Бағдарлама аясында үш білім беру семинары қарастырылған. Әрбір тағылымгерге тәжірибе барысында қолдау көрсететін жеке тәлімгер бекітіледі.
ҚазҰАЗУ халықаралық ынтымақтастықты жүйелі түрде дамытып, студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және заманауи аграрлық технологияларды меңгеруіне кең мүмкіндік жасауда.


.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)