KAZNARU-ДЕ «ЕКІ ДИПЛОМДЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ӘЗІРЛЕУ» ВОРКШОПЫ ӨТТІ
2026 жылғы 19–20 ақпан күндері Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті базасында «Екі дипломдық білім беру бағдарламаларын әзірлеу» тақырыбында воркшоп ұйымдастырылды. Іс-шара университеттің халықаралық ынтымақтастығын кеңейту, білім беру сапасын арттыру және бәсекеге қабілетті кадрлар даярлау жүйесін дамыту мақсатында өткізілді.
Воркшопқа факультет декандары, академиялық комитет мүшелері, кафедра меңгерушілері және білім беру бағдарламаларының жетекшілері қатысты.
Воркшоптың негізгі мақсаттары:
• Екі дипломдық білім беру бағдарламаларының академиялық моделін қалыптастыру;
• Шетелдік серіктес ЖОО-лармен оқу жоспарларын үйлестіру тетіктерін талқылау;
• Бірлескен білім беру бағдарламаларын жобалау;
• Академиялық тәуекелдерді анықтау және оларды басқару жолдарын айқындау;
• Екі дипломдық бағдарламаларды институционализациялау тетіктерін пысықтау.

Бағдарлама аясында халықаралық тәжірибе, стратегиялық әріптестік, оқу жоспарларын салыстыру, кредиттерді қайта есепке алу, оқыту модельдері (2+2, 1+1, 3+1) және нормативтік сүйемелдеу мәселелері қарастырылды.
«Екі дипломдық білім беру бағдарламаларын әзірлеу» воркшопы аясында төмендегі спикерлер баяндама жасады:
• Алпысбаева Гульмира Егізбаевна – Академиялық мәселелер жөніндегі проректор (воркшоптың ашылуы, кіріспе сөз);
• Бақтымбет Сәуле Серіковна – Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры (екі дипломдық бағдарламалардың интернационалдандыру құралы ретіндегі рөлі);
• Абазов Рафис Фанисович – Халықаралық қатынастар жөніндегі проректор (екі дипломдық бағдарламалардың стратегиялық маңызы);
• Арыстанов Мейрам Буранович – «Су ресурстары және IT-технологиясы» факультетінің деканы (су ресурстары саласындағы екі дипломдық бағдарламалардың ерекшеліктері);
• Мусоев Асылбек Майлыбекович – Ветеринария және зооинженерия факультетінің деканы (факультет тәжірибесі негізінде халықаралық серіктестік аясында бағдарламаларды іске асыру);
• Надежда Трубова – British Council Білім беру бағдарламаларының жетекшісі (кредиттік технологиялардың халықаралық серіктестіктегі рөлі);
• Кусаинова Жанар Абикеновна – Оқу процесінің мазмұны бөлімінің бастығы (оқу жоспарлары мен кредиттерді әзірлеу мәселелері);
• Умарова Лаура Абаевна – Тіркеу кеңсесінің бастығы (оқу кестесінің ерекшеліктері).
Воркшоп қорытындысы бойынша екі дипломдық білім беру бағдарламаларын әзірлеу мен іске асырудың институционалдық тетіктерін жетілдіру, оқу жоспарларын үйлестіру және халықаралық серіктестікті кеңейту бағытында нақты ұсыныстар әзірленді. Іс-шара университеттің білім беру үдерісін интернационалдандыруға және академиялық сапаны арттыруға серпін берді.