ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

KazNARU ПРОФЕССОРЫ — «ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕР – 2025»

2026 жылғы 13 ақпанда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі — Саясат Нурбек қатысуымен ғылым және жоғары білім саласы өкілдерін марапаттау салтанатты рәсімі өтті.
Республикалық «Үздік ғылыми қызметкер – 2025» байқауының қорытындысы бойынша елдің ғылымының дамуына, ғылыми жарияланым белсенділігіне, ғылыми жобаларды жүзеге асыруға және кадр даярлауға елеулі үлес қосқан 50 жетекші ғалым анықталды.
🔹 Сәрсекова Дани Нұрғисақызы, «Су, жер және орман ресурстары» факультетінің деканы, профессор, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, «Үздік ғылыми қызметкер – 2025» атағына ие болды.
Дани Нұрғисақызы — 230-дан астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде Scopus және Web of Science халықаралық деректер базасына енген жарияланымдары бар. Ол орман шаруашылығы, экология және табиғи ресурстарды тұрақты басқару бағытындағы бірқатар ғылыми жобаларды табысты жүзеге асырған.
Байқау комиссиясы үміткерлердің ғылыми жарияланымдарын, дәйексөз көрсеткіштерін, ғылыми жобаларын және елдің ғылыми әлеуетін дамытуға қосқан үлесін бағалады.
Бұл жоғары марапат KazNARU ғылыми мектебінің деңгейін және университеттің аграрлық ғылымды дамытудағы маңызды рөлін айқындайды.
---------Chatbot---------
виртуальный помощник