KAZNARU ЖАС ҒАЛЫМДАРЫ — МЕМЛЕКЕТТІК ҒЫЛЫМИ СТИПЕНДИЯ ЛАУРЕАТТАРЫ
2026 жылғы 13 ақпанда Алматы қаласында ғылым және жоғары білім саласы қызметкерлерін марапаттауға арналған салтанатты рәсім өтті. Іс-шара аясында дарынды жас ғалымдарға арналған Мемлекеттік ғылыми стипендия лауреаттары анықталды.
Мемлекеттік ғылыми стипендия елдің ғылыми әлеуетін дамытуға қосқан үлесі, нәтижелі ғылыми зерттеулері мен перспективалы ғылыми әзірлемелері үшін табысталады.
Мемлекеттік қолдауға ие болғандардың қатарында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің (KazNARU) жас ғалымдары бар:
🔹 Ниязбекова Жаннұр Нұрділдаевна — Референттік орталықтың жетекшісі;
🔹 Тойшиманов Мақсат Рысбекұлы — Қазақстан-Жапония инновациялық орталығының жетекші ғылыми қызметкері.
🔹 Тойшиманов Мақсат Рысбекұлы — Қазақстан-Жапония инновациялық орталығының жетекші ғылыми қызметкері.
Жас зерттеушілердің мемлекеттік деңгейде мойындалуы университеттің мықты ғылыми мектебінің қалыптасқанын және тұрақты кадрлық резервінің бар екенін көрсетеді.
KazNARU жас ғалымдарды қолдау бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп, инновациялық жобаларды жүзеге асыруға және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қолайлы жағдай жасауда.
Университет ұжымы лауреаттарды шын жүректен құттықтап, ғылыми қызметтеріне табыс, жаңа жетістіктер мен кәсіби биіктер тілейді!

.jpeg)