ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҮЛЕКТЕРІ KAZNARU БІЛІМ БАҒДАРЛАМАЛАР ТОБЫМЕН ТАНЫСТЫ
2026 жылдың 28 қаңтарында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Басқарма Төрағасы – Ректордың Бірінші орынбасары, в.ғ.д., профессор Ибрагимов Пірімқұл Шолпанқұлұлының басшылығымен «Мамандықты дұрыс таңдау – болашаққа бастар жол» атты кәсіби бағдар беру бағытындағы онлайн және офлайн форматта кездесу өтті.
Іс-шара офлайн және онлайн форматта ұйымдастырылып, мектеп бітіруші түлектерге университеттің білім беру мүмкіндіктері мен артықшылықтары кеңінен таныстырылды.
Айта кетейік, бұл кездесуге Ұлытау облысының 87 мектебінен 1890 түлек онлайн форматта қосылды. Онлайн және офлайн түрде өткен бұл шара мектеп бітірушілер үшін болашақ мамандығын таңдауда үлкен көмек болды.
Кездесуге Ұлытау облысы Білім басқармасы басшысының м.а. Мунсузбаева Айгуль Толеухановна, Ұлытау облысы білім басқармасының бас маманы Кажмаганбетова Меруерт Кажыхановна, мектеп директорлары, сынып жетекшілері мен профориентологтар, сондай-ақ KazNARU басқармасы, факультет декандары, профессор-оқытушылар құрамы және білім алушылар қатысты.
Іс-шараны Қабылдау комиссиясының директоры, э.ғ.к., профессор Қайырбаева Айнұр Елтайқызы ұйымдастырып, Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Алпысбаева Гүлмира Егізбайқызы жүргізді.
Ұлытау облысының педагогтары, бітіруші түлектердің ата-аналары, онлайн қатысып, кәсіби бағдар беру бойынша маңызды ақпарат алды.
Іс-шара барысында университеттің заманауи инновациялық дамудағы жетістіктері мен білім және ғылым саласындағы жаңашыл жобалары жөнінде кеңінен айтылып, KazNARU туралы презентация ұсынылды.
Жиын қортындысында еліміздің алыс өңірлеріндегі мектеп бітіруші әрбір түлек пен олардың ата-анасына Қабылдау комиссиясы әрқашан кеңес беруге әзір екендігі хабарланды.
KazNARU – сенің болашағыңа бастар жол!
KazNARU Баспасөз қызметі















