ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

KAZNARU-ДА ЖАС ОҚЫТУШЫЛАРДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІН АРТТЫРУ КУРСЫ ӨТТІ

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде 2026 жылғы 05–16 қаңтар аралығында Біліктілікті арттыру бөлімі ұйымдастыруымен жас профессор-оқытушылар құрамы үшін «Трансформация жағдайындағы педагогикалық шеберлік» тақырыбында 72 сағаттық біліктілікті арттыру курсы өткізілді.

Аталған курсқа университет басшылығы мен жетекші мамандар тәлімгерлік етті. Атап айтқанда:

  • Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Г.Е. Алпысбаева,
  • Халықаралық қатынастар жөніндегі проректор Р.Ф. Абазов,
  • Тәрбие жұмысы жөніндегі проректор А.Ш. Ералиева,
  • Педагогика ғылымдарының кандидаты, оқу процесінің мазмұны бөлімінің бастығы Ж.А. Құсайынова,
  • Тіркеуші кеңсесінің бастығы Л. А. Омарова,
  • Аккредиттеу және рейтинг секторының меңгерушісі Е.Қайпбаев,
  • Қауымдастырылған профессор Г.Н. Скабаева,
  • Біліктілік арттыру бөлімі жетекші маманы М.А. Айтжан.

Курс бағдарламасы жоғары білім беру жүйесіндегі жүйелі жаңартуларды қамтып, педагогтарды өзекті кәсіби ақпаратпен қамтамасыз етуге бағытталды. Сонымен қатар бағдарлама тәжірибеге бағдарланған сипатқа ие болып, төмендегі негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылды:

  • оқу-әдістемелік жұмыс;
  • салалар бойынша ғылыми зерттеулер;
  • тәрбие жұмысы;
  • халықаралық қатынастар;
  • ЖАОК әзірлеу;
  • арнайы пәндерді оқыту әдістемесі;
  • педагогикалық басқару шеберлігі;
  • педагогикалық шеберліктің элементі ретінде қарастырылатын педагогикалық техника;
  • психология және инклюзивті білім беру ортасы және т.б.

Курс қорытындысы бойынша Біліктілікті арттыру бөлімі ұйымдастыруымен ҚазҰАЗУ-дың жас мамандарына ресми сертификаттар табысталды.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник