АӨК-дегі кадр тапшылығы: сенатор Закиржан Күзиев аграрлық білім беру саясатын қайта қарауға шақырды
Агроөнеркәсіптік кешен мен ветеринариялық қызметке кадр даярлау мәселелерін сенатор Закиржан Күзиев өзінің депутаттық сауалында көтерді. Өңірлерге жасаған жұмыс сапарлары барысында депутаттар Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетіне барып, профессор-оқытушылар құрамымен кездесулер өткізді.