KazNARU — 2026 жылғы «Атамекен» ҰКП рейтингісінің көшбасшылары қатарында

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті 2026 жылға арналған Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» қалыптастырған білім беру бағдарламалары рейтингісінің қорытындысы бойынша еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының қатарына енді.
Университеттің білім беру бағдарламаларының жоғары орындарға ие болуы олардың тәжірибеге бағытталғандығын және түлектердің еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие екенін растайды.
Рейтингтің негізгі нәтижелері:
1-орын:
6B09101 «Ветеринариялық медицина»
6B05201 «Экология»
6B08601 «Су ресурстарын басқару»
6B08101 «Агрономия»
2-орын:
6B09102 «Ветеринариялық санитария»
B05102 «Биотехнология»
B08301 «Аңшылықтану және аң шаруашылығы»
6В08201 - «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы»
3-орын:
6B07208 «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (салалар бойынша)»
6B07501 «Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)»
6B08701 «Аграрлық техника және технология»
4-орын:
6B08302 «Орман ресурстары және орман шаруашылығы»
6B07307 «Жерге орналастыру»
5-орын:
6B04101 «Экономика»
6B04104 «Қаржы»
Қол жеткізілген нәтижелер университеттің білім беру бағдарламаларының сапасын арттыруға, өндіріс пен білім беру арасындағы байланысты нығайтуға және түлектердің тұрақты мансаптық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған даму стратегиясының тиімділігін дәлелдейді.