ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

KAZNARU МАМАНДЫҚ ТАҢДАУҒА БАҒЫТ БЕРДІ

Бүгін 2026 жылдың 21 қаңтарында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Басқарма Төрағасы – Ректордың Бірінші орынбасары, в.ғ.д., профессор Ибрагимов Пірімқұл Шолпанқұлұлының басшылығымен «Мамандықты дұрыс таңдау – болашаққа бастар жол» атты кәсіби бағдар беру бағытындағы онлайн және офлайн форматта кездесу өтті.

Іс-шара офлайн және онлайн форматта ұйымдастырылып, мектеп бітіруші түлектерге университеттің білім беру мүмкіндіктері мен артықшылықтары кеңінен таныстырылды.

Айта кетейік, бұл кездесуге Абай облысының 305 мектебінен 6040 түлек онлайн форматта қосылды. Онлайн және офлайн түрде өткен бұл шара мектеп бітірушілер үшін болашақ мамандығын таңдауда үлкен көмек болды.

Кездесуге Абай облысы Білім басқармасының басшысы Ердембеков Бауыржан Амангелдіұлы, Мектепке дейінгі және жалпы орта Білім беру бөлім басшысы Амирханова Макия Кобентаевна, мектеп директорлары, сынып жетекшілері мен профориентологтар, сондай-ақ KazNARU басқармасы, факультет декандары, профессор-оқытушылар құрамы және білім алушылар қатысты.

Іс-шараны Қабылдау комиссиясының директоры, э.ғ.к., профессор Қайырбаева Айнұр Елтайқызы ұйымдастырып, Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Алпысбаева Гүлмира Егізбайқызы жүргізді.

Сонымен қатар, «ІТ–технология» кафедрасы меңгерушісі Нұрқуатовна Жанат Алишева заманауи цифрлық технологиялардың маңыздылығына тоқталып, университеттің осы бағыттағы инновациялық мүмкіндіктері мен халықаралық тәжірибеге негізделген оқу процесі туралы баяндама жасады.

Абай облысының педагогтары, бітіруші түлектердің ата-аналары, онлайн қатысып, кәсіби бағдар беру бойынша маңызды ақпарат алды.

Іс-шара барысында университеттің заманауи инновациялық дамудағы жетістіктері мен білім және ғылым саласындағы жаңашыл жобалары жөнінде кеңінен айтылып, KazNARU туралы презентация ұсынылды.

Жиын қортындысында еліміздің алыс өңірлеріндегі мектеп бітіруші әрбір түлек пен олардың ата-анасына Қабылдау комиссиясы әрқашан кеңес беруге әзір екендігі хабарланды.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник