КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ БЕЛСЕНДІ ЖАЛҒАСУДА
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары кәсіби бағдар беру жұмыстарын белсенді жалғастыруда.
Мектеп бітіруші түлектерге KazNARU құрамындағы факультеттердің ерекшеліктерін жан-жақты таныстыра отырып, жас түлектер мен олардың ата-аналарына ауыл шаруашылығы мамандықтары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кәсіби бағыт таңдауда көмектесуде.
Атап айтқанда, «Бизнес және құқық» жоғары мектебі Х.Д. Чурин атындағы «Менеджмент және агробизнесті ұйымдастыру» кафедрасының аға оқытушылары э.ғ.к. Жусупова Г. А., PhD Куралбаева Р.Е., PhD Исмаилова А.К. Алматы облысы, Талғар ауданы, Кең дала ауылында №36, №38, №42 орта мектептерінде, Х.Д.Чурин атындағы «Менеджмент және агробизнесті ұйымдастыру» кафедрасының профессоры Джангарашева Н.В., аға оқытушы Джумабаева А.М. Алматы қаласы, Алмалы ауданындағы №109, №52 мектептерінде, «Есеп, аудит және қаржы» кафедрасының меңгерушісі Бейсекова Ж.Ы. және кафедраның қауымдастырылған профессоры Баймолдаева М.Т. №44 мектеп-гимназиясында;
«Ветеринария және Зооинженерия» факультеті «Клиникалық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Алимгазина С.Б. Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Амангелді орта мектебінде, факультетінің «Клиникалық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Акимжан Н.А. мен «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының аға оқытушысы Отепов Б.Т. Алматы қаласындағы М.Жұмабаев атындағы N137 мектебінде;
«Орман шаруашылығы және жер ресурстары» факультеті «Орман ресурстары, аңшылықтану және аквакультура» кафедрасының профессорлары Кентбаев Е.Ж., Кентбаева Б.А Белбулак ауылындағы №10 және №32 орта мектептерінде, «Жер ресурстары және кадастр» кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор Мурсалимова Э.А. Алматы қаласы Бостандық ауданындағы Ғ.Мұстафин атындағы № 191 жалпы білім беру мектебінде ;
«Жалпы білім беру пәндері» кафедрасының профессоры Актамбердиева З.С., Кожабекова А.Д., Давлетова Г.А. Карасай ауданы, Каскелен қаласындағы Абай атындағы орта мектеп-гимназиясында, В.Г. Белинский атындағы орта мектеп-гимназиясында, А.Байжанов атындағы орта мектебінде, Б.Соқпақбаев атындағы орта мектеп-гимназиясында, қауымдастырылған профессор м.а. Ахантаева Ә.Ж. мен аға оқытушы Ахантаева Г.Ж. Алматы қаласы Әуезов ауданынындағы №119 мектеп-лицейінде;
«Агробиология» факультеті «Жеміс-көкеніс шаруашылығы және өсімдік қоғау және карантин» кафедрасының оқытушылары А.М.Жубатова, Қ.А.Тоққожа Алматы облысы, Іле ауданы, КазЦИК ауылы, А. Молдабекова атындағы №6 жалпы білім беру мектебінде бітіруші түлектерге кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Бұл іс-шаралардың барлығы мектеп бітіруші түлектердің өз мамандықтарын дұрыс таңдауларына, болашақтарын айқындауларына тікелей ықпалы тиеріне сеніміміз зор. Кәсіби бағдар беру жұмыстары үздіксіз жүргізіледі.
KazNARU Баспасөз қызметі







